09:09
Абай ілімі

ЖИЫРМА ҮШІНШІ СӨЗ

(бұрынғыша оныншы сөз)

БІРЕУЛЕР ҚҰДАЙДАН БАЛА ТІЛЕЙДІ.

ОЛ БАЛАНЫ НЕ ҚЫЛАДЫ?

Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік,

не түрлі боларын біліп сұрадың? Дүниеде өзіңнің көрген

қорлығың аз болды ма? өзіңнің қылған иттігің аз болды ма?

Енді бір бала туғызып, оны да ит қылуға, оған да қорлық

көрсетуге мұнша неге құмар болдың?

Қартайғанда асырасын десең, ол – бір бос сөз.

Әуелі қарттыққа жетесің бе, балаң мейірімді бола ма, жоқ па?

Малың болса – бәрі асырайды, болмаса – керексізсің.

Балам орнымды бассын демек не сөз?

Өзіңнен қалған дүние иесіз қалар дейсің бе?

Өліп бара жатқанда өзгеден қызғанып айтқаның ба?

Артымнан балам құран оқысын десең, тірлікте өзіңнің жақсылық

қылған кісің көп болса, кім құран оқымайды?

* * *

ҚҰДАЙ БЕРГЕН БАЛАНЫ ӨЗІҢ ЖАҚСЫ

АСЫРАЙ БІЛЕСІҢ БЕ? БІЛМЕЙСІҢ.

Әуелі балаңды өзің алдайсың:

Әне, оны берем, міне, мұны берем.

Басында балаңды алдағаныңа бір мәз боласың. Соңыра

балаң алдамшы болса, кімнен көресің?

Боқта! Қу бол, сұм бол!

Пәленшенің баласы сені сыртыңнан сатып кетеді.

Тірі жанға сендірмей жат мінез қылып өсіресің. Осы ма берген

тәлімің? Осы баладан қайыр күтесің бе?

* * *

ЖӘНЕ ҚҰДАЙДАН МАЛ ТІЛЕЙСІҢДЕР.

ҚҰДАЙ БЕРДІ. БЕРГЕНІН АЛМАЙСЫҢ.

Ғылымды ұғарлық ақыл берді.

Оны қайда жібергеніңді кім біледі?

Еңбек етуге қуат берді.

Ол қуатты адал кәсіп қыларлық

орынға жұмсаймысың?

Жұмсамайсың.

Ерінбей еңбек қылса, түңілмей іздесе,

орнын тауып істесе, кім бай болмайды? Қазақ мал тапқан

күнде де оны ғылымға, адамшылыққа жұмсамайды.

Иттікпен табады, иттікпен айырылады.

* * *

АБАЙМЕН СҰХБАТ

Абай ата, тәннің қамын жеп жүріп,

жан құмарынан ұмытып кетпейік дейміз.

Айтыңызшы, осы тәнді асырайтын ақшаны

қандай жолмен тапқан дұрыс?

Тәуекелсіз, талапсыз мал табылмас,

Еңбек қылмас еріншек адам болмас.

Есек к...н жусаң да мал тауып кел,

Қолға жұқпас, еш адам кеміте алмас.

Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел,

Малың болса, сыйламай тұра алмас ел.

Қаруыңның барында қайрат қылмай,

Қаңғып өткен өмірдің бәрі де – жел.

Қулық, сұмдық, ұрлықпен мал жиылмас,

Сұм нәпсің үйір болса, тез тыйылмас.

Зиян шекпей қалмайсың ондай істен,

Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас.

Асаған, ұрттағанға ез жұбанар,

Сенімді дәулет емес сен қуанар.

Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,

Қардың суы сықылды тез суалар.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 15 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: