23:10 Абай ілімі | |
ЖИЫРМА БІРІНШІ СӨЗ (бұрынғыша отыз екінші сөз) ҒЫЛЫМДЫ ДАУҒА (БАҚАСҚА) БОЛА ҮЙРЕНБЕ. Әрбір бақасшыл адам шындық емес, өзінің жеңгенін ғана қалап дауласады. Білім мен ғылымды көбейтуге екі қару бар: Біріншісі – ой жүгіртіп пікірталас қылу. Екіншісі – сол білімді жадыңда берік сақтай білу. Бұл екі қуатты әрдайым зорайту жолында болу керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды. * * * Ақиқатқа көзің жетсе, соны тұт, өлсең айырылма. * * * ҒЫЛЫМДЫ АҚИҚАТТЫ ТАБУ ҮШІН ҮЙРЕНУ КЕРЕК. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. * * * АҚЫЛ МЕН ҒЫЛЫМДЫ САҚТАЙТҰҒЫН МІНЕЗ ДЕГЕН САУЫТЫ БОЛАДЫ. Сол мінез бұзылмасын! * * * Мінездің беріктігі – ақыл мен ар үшін керек. Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
| |
| Всего комментариев: 0 | |
