21:59
Абай ілімі

ЖИЫРМАСЫНШЫ СӨЗ

(бұрынғыша отыз бірінші сөз)

ЕСТІГЕН НӘРСЕНІ ҰМЫТПАСҚА

ТӨРТ ТҮРЛІ СЕБЕП БАР.

Ой кеселдері:

  1. Уайымсыз салғырттық.
  2. Ойыншы-күлкішілдік.
  3. Бір қайғыға салыну.
  4. Бір нәрсеге құмарлық пайда болу.

Бұл төрт нәрсе –

күллі ақыл мен ғылымды

тоздыратұғын нәрселер.

* * *

Көкірегі байлаулы берік болмақ керек.

* * *

Сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек,

көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек.

* * *

Сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып,

көңілге бекіту керек.

* * *

Ой кеселі нәрселерден қашық болу керек.

Егер кез болып қалса, салынбау керек.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 5 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: