АДАМ ӨМІРІНІҢ МАҚСАТЫ
Адамның адамгершілік қасиеттеріне байланысты түрлі талаптардың болатынын ойшыл өзінің қырық төртінші қара сөзінде былай деп анықтай түседі:
«Талаптың ішінде адам баласы көбінесе басына кәдір іздеп, сол талапта болады. Біреуі мал қуып жатыр. Сараңдықпен, арамдықпен, әйтеуір мал тапсам, «Мал тапқан ердің жазығы жоқ» дейтұғын. «Малдының беті жарық» дейтұғын мақалға сеніп, халықтың түріне қарай, ит те болса, малдыны сөге алмайды деп, бұл мал һәм пайда, һәм қасиет болады бойыма дейді. Мұнысы рас, қазақтың өз құлқына қарағанда, бірақ адамдыққа, ақылға қарағанда, қазақ түгіл, көңіл жиіркендіре тұғын іс.
Осыған орай, біреу қажеке атанамын, біреу батыреке атанамын, біреулер білгіш, қу, сұм атанамын деп сол харекетте жүр». Ойшыл адамның керегіне қарай осындай әр түрлі жақсы-жаман өмір талабы болатынын көрсетеді. Бірақ осылардың қайсысы болса да уақыт
...
Читать дальше »