БАЛАЛАР БАЗЫНАСЫ
Жаймашуақ жаз басталысымен қызықты да қасиетті бала біткеннің алтын-күміске бергісіз қайталанбас демалыс маусымы басталып, жадыралы жаздың шымылдығы түрілгенше жалғасады. Ойын қызығына мейілінше берілген олардың таппайтын ермегі жоқ. Баспайтын жері қалмайды. Қала баласы ауылға баруға асық, ал ауыл баласы қалаға кетумен әлек.
Қалада балалардың жазғы демалысын қызықты өткізуге барлық жағдайлар жасалады ғой. Ал ауылда демалысын өткізіп жүрген балдырған-бүлдіршіндер үшін сондай жағдайдың көңілден шығатындай болуы әр қилы.
Басқасы басқа, ал Бесқарағай ауылында осынау мәселе оңтайлы шешіліп жүр деп айтуға ауыз бара бермейді. Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде жұмыс істейтін «Айналайын» шағын орталығында бала бақша жасындағы балалар тәрбиеленеді. Есесіне маусым айы бойы мектеп жанындағы «Күншуақ» атты жазғы демалу-сауықтыру лагерін бастауыш һәм орта буында оқитын бірнеше бала таңнан
...
Читать дальше »