МЕНІ БАҚЫТТЫ ЕТКЕН ТУҒАН ӨЛКЕМ!
Әлқисса, жыл басынан бері айтудай-ақ айтылып, жазудай-ақ жазылып келген Лебяжі ауданының жетпіс бес жылдық мерейтойының шарықтау биігіне де қол жеткіздік. Аймақтың даму тарихында ойып тұрып орын алатын осынау ауданның бағындырған белестері һәм асқарлаған асулары бір төбе. Ерен еңбектің таптырмас та қайталанбас үлгісін танытқан нар тұлғалар да жетерлік. Бір емес, бірнеше томды құрайтындай-ақ тарихи-танымдық кітап жазуға әбден болады ғой, шіркін!
Аптаның қасиетті күні жұмада Аққудағы Мәдениет үйінің алдында сән-салтанатпен киінген адам қарасы аз болмады. Әрбірінің жүзі алтын Күннің жаймашуақ сәулесімен нұрланды. Шатыр түрінде тігілген орындарда дәм-тұзға толы қазақы дастарқан жайылып, келген мейман-қонақтарға құрмет-қошемет көрсетілді. Мәдениет ошағының кең де жарық кіреберісінде орнатылған түрлі түсті теледидардан аудан тарихынан сыр шерткен танымдық деректі фильм көрсетілді. Сонымен бірге Лебяжі ауданыны
...
Читать дальше »