ҚЫЗЫҚ ТА ҚЫЗЫҚ...
Санаулы күндерден соң Күн нұрына бөленген һәм атақты карнавал мекені Бразилияда футболдан мерейлі жиырмасыншы әлем біріншілігінің байрағы желбіреп, бір ай бойы дүние жүзінің барлық футбол сүйер қауымын, жанкүйерлерді бірегей де қайталанбас ойын қызығына бөлейді. Ал оған дейін бұған дейін алаулатып-жалаулатып өткізілген он тоғыз біріншіліктің небір қызықты жайттары хақында құрақ құрап көрейік.
- Футболдан итальян федерациясының президенті Отторино Барасси Екінші дүниежүзілік соғыс бойында 1930 жылдан 1970 жылға дейін әлем чемпиондарына табысталып келген «Алтын Ника» Кубогін өз үйінің еттігінде жыртық етіктің ішінде жасырыпты. Барассидің үйіне бірнеше рет тінтумен келген фашистер түк таппай, құр қайтқан екен.
- 1978 жылғы әлем біріншілігін (ӘБ) Шотландия өте сәтсіз бастаған-ды. Пресс-конференция кезінде таулықтардың бапкері Элли Маклеод қатты сыннан қорғанудың амалдарын іздестірген сәтте, бөлме
...
Читать дальше »