ҚЫЗЫҚ ТА ҚЫЗЫҚ...
Санаулы күндерден соң Күн нұрына бөленген һәм атақты карнавал мекені Бразилияда футболдан мерейлі жиырмасыншы әлем біріншілігінің байрағы желбіреп, бір ай бойы дүние жүзінің барлық футбол сүйер қауымын, жанкүйерлерді бірегей де қайталанбас ойын қызығына бөлейді. Ал оған дейін бұған дейін алаулатып-жалаулатып өткізілген он тоғыз біріншіліктің небір қызықты жайттары хақында құрақ құрап көрейік.
- Футболдан итальян федерациясының президенті Отторино Барасси Екінші дүниежүзілік соғыс бойында 1930 жылдан 1970 жылға дейін әлем чемпиондарына табысталып келген «Алтын Ника» Кубогін өз үйінің еттігінде жыртық етіктің ішінде жасырыпты. Барассидің үйіне бірнеше рет тінтумен келген фашистер түк таппай, құр қайтқан екен.
- 1978 жылғы әлем біріншілігін (ӘБ) Шотландия өте сәтсіз бастаған-ды. Пресс-конференция кезінде таулықтардың бапкері Элли Маклеод қатты сыннан қорғанудың амалдарын іздестірген сәтте, бөлмеге бір кішкентай иттің кіріп кетпесі бар ма. Әзілқой Элли тұнжыраған күйде былай деген екен: «Мына залда менің жалғыз досым осы болар». Ол әлгі итті сипаймын деген кезде, ашынған төбет Маклеодты тістеп алыпты. Осылайша шотландықтар жаттықтырушысы ешбір доссыз қалыпты.
- 1930-ӘБ Аргентина – Уругвай арасындағы пердеашылар ойынына аргентиндік жанкүйерлер көптеп келеді деп күтілді, себебі Буэнос-Айрес Ла-Платаның қарама-қарсы жағалауында тым жақын орын тепкен. Дегенмен трибуналарда аргентиндік жанкүйерлер мүлдем дерлік болмаған екен. Бәріне кінәлі тұман болды. Соның кесірінен фанаттар тиелген теплоход жағадан шыға алмапты. Монтевидеоға ақыр соңында жанкүйерлер жеткенде, ойын аяқталып қалыпты.
- 1966-ӘБ Франция мен Уругвай арасындағы ойын «Уэмбли» стадионында өтеді деп жоспарланған еді. Бірақ дәл сол күні сол аренада тазы иттердің жылдағы патшайымдық жарыстары да жоспарланыпты. Әлбетте Британия үшін дәстүрді сақтау маңызды, сондықтан футбол ойынын басқа лондондық стадионға ауыстыруға тура келді.
- Атақты U2 тобының сазгері Ларри Мадлен 1990-ӘБ ирландық құрама үшін әнұран шығарыпты. Әннің аты Put “Em Under Pressure” («Оларды пресстеп тастаңдар, жігіттер!») делініпті.
- 1938-ӘБ Италия – Чехословакия арасындағы финалдық кездесу басталуға шақ қалғанда шведтік төреші Иван Эклинд итальяндық диктатор Бенито Муссолини отырған орынға көтерілді де онымен аз-кем сөз алысты. Не жайында әңгімелескені құпия болып қалды. Әйтсе де сол ойындағы Эклиндтің төрелігі кейіннен ұзын-сонарлы дау-дамайға айналды. Чехтерді овертаймда ғана тықсырған Италия ақырында чемпиондық тәжге қол жеткізді.
- 2002-ӘБ басталар алдында Аргентина құрамасының бапкері Марсело Бьелса пресс-конференция өткізді. Онда тұрған ештеңе жоқ сияқты, бірақ сеньор Марсело бақандай төрт сағат бойы сөйледі. Осы әрекетімен ол El Loco (Есі ауысқан) лақап атты тегіннен-тегін алып жүрмегенін артық рет дәлелдеді.
- 1970-ӘБ ақтық ойынын бастауға сықырық шалуға дайын тұрған төрешіге ойда жоқта атақты Пеле жақындады да сәл кідіре тұруды өтінді. Әрине әлемнің барлық бейнекамералары футбол короліне бірден шұқшиды. Дәл сол сәтте ол көпшілік көзінше бутсыларының бауын қайыра байлауға кірісті. Кейінне анықталғандай, финалға дейін бір-екі күн қалғанда Пеле әлбедір сауда маркасымен жаңа демеушілік келісім-шартқа қол қойды да осындай жолмен жарнамалық шоу жасады. Осы брендті Пеле ғана төлегендіктен, оның атын атау құпия болып қалды.
- Неміс футболшысы Франц Беккенбауэр 1966-ӘБ танымал ашылуы болды. Өзінің жұлдызды құзырын бекіту үшін Франц аяқ астынан сингл жазуға шешім қабылдады. Дегенмен суперхит шықпады, оның үстіне онысы ротацияларды құлдырады. Бұдан кейін ғой Беккенбауэр өзінің жұздыздығын тек қана футбол алаңында дәлелдеп бақты.
- Әлем біріншіліктері тарихында бір қала ғана жарыстардың барлық ойындарын қабылдады: 1930-ӘБ барлық ареналар Монтевидеода (Уругвай) орналасты. Айтпақшы, сол кезде бас-аяғы үш-ақ стадион болды – минимализмнің тағы бір рекорды.
- 1990-ӘБ ирландық Джон Олдридж мексикандықтармен өткен ойында өзінің командасына көмектесуге осыншама ұмтылды. Бірақ бас төрешінің аңғал көмекшісі ойыншыны ауыстыруға мүмкіндік беруге асыпады. Ашынған Олдридж ұрыс-керіске бой алдыртып алды. Оның сөздерінде тек қана мағынасыз бөліктері дөрекі болған екен. Былапыт сөздердің толқынын барлық планета естіді ақыры, осылайша телережиссер байғұс Олдриджді кадрдан шығармаған екен.
- Оңтүстік Африканың баптистік шіркеуі 2010-ӘБ алдында трибуналарда вувузелаларды қолдануға тыйым жасауды ФИФА-дан талап етіпті. Баптистердің айтуынша, ұдайы құралға олардың ғана авторлық құқықтары бар екен. Өкінішке орай, ФИФА оларға сенбеді, вувузелдің есті таңдыруға шақ ызыңы жарыстың әр ойынын «әрледі».
- Әлем чемпионаттары тарихында ең азғантай аудиторясы, небары 300 көрермен, 1930-ӘБ Румыния – Перу кездесуінде болыпты.
- 1990 жылғы итальяндық мундиаль кезінде дінге берік Ирландия құрамасы Рим Папасының қабылдауына аттанды. Ақиқатында, ирландықтар бапкері Джек Чарльтон осынау сәтті сезбей қалды да масқара боп қалғып кетіпті. Ал өзінің оянуын Чарльтон былай деп жазған екен: «Мен оянған кезде папаның қол сермегенін көріп қалдым. Ол менімен амандасқысы келіп тұр деп ойлап қалдым да, жауап ретінде мен де оған қолымды сермедім».
- 1992 жылы камерундық ойыншы Роже Милла өз отанында пигмейлерге (тайпа) арналған футболдан әлем біріншілігін ұйымдастыруға әрекеттенген. Ойы құрдымға кетті, ол аздай Милла қаржы жағынан да заңсыздықтарға ұрынып, темір тордың аржағынан шығуға шақ қалған көрінеді. Ал 1994-ӘБ ол әлем чемпионаттары тарихында гол соққан ең жасы үлкен автор ретінде танылды. Ол кезде оның жасы 42-де еді.
- Диего Марадона допинг, есірткі қабылдады, қолымен гол да соқты. Дегенмен дон Диегоның алғашқы лақап аты жас шабуылшының шаш қою үлгісінен ғана Жалбыр (Пушистик) болған екен.
- 1950-ӘБ АҚШ құрамасының қақпашысы Фрэнк Борги өз карьерасын бейсболшы ретінде бастады және катафалктің автожүргізушісі болып нәпақалады. Өзінің бейсболдық өткендігінен Борги аяқпен сондай нашар ойнады, оның үстіне допты да сондай сәтсіз соқты. Сондықтан болар қақпадан алаңға соғылатын еркін соққыларды ол үшін әрдайым қорғаушылардың біреуі орындаған екен.
- Әлем біріншіліктері 1930 жылдан бері өткізілгеніне қарамастан, гол соғылмаған алғашқы кездесу 1958-ӘБ, яғни алтыншы додада ғана, тіркелді. Сонда Англия мен Бразилия 0:0 есебімен тең түсті.
- Швейцарлық ойынша Полди Кильхольц көру қабілеті айтарлықтай нашар және көзілдірік киіп ойнағанына қарамастан, орталық шабуылшы болды. 1934-ӘБ ол екі ойында үш гол соқты да көзілдірікті ойыншылар арасында әлем чемпионаттарының үздік сұрмергені танылды.
- Танымал көріпкел Ванга футболда да болжамдар жасаған. 1994-ӘБ кезінде ол ақтық ойында атаулары «Б» әрпінен басталатын командалар кездеседі деп мәлімдеді. Өкінішке орай, Ванганың болжамын өзінің туған Болгария құрамасы бұзды. Жартылай финалда Италияға ұтылып қалды. Ал екінші финалист Бразилия болды.
- 2006 жылғы неміс мундиалі басталуы алдында Тцамаренда найча есімді эквадорлық шаман барлық он екі стадионнан жын-сайтан-перілерді аластау рәсімін өткізген екен.
- Қызыл және сары қағаздар тұңғыш рет 1970 жылғы мундиальда пайда болды. Бұндай жаңалықты кіргізуге 1966-ӘБ орын алған жағдай себепкер болған сыңайлы. Аргентиндік ойыншы оны алаңнан қуған төрешінің айтқанын ұқпай қалғандай түр көрсетіпті, ол аздай тағы да әжептәуір уақыт алаңда түк болмағандай ойнап жүре беріпті.
- 1938-ӘБ Польша – Бразилия арасындағы кездесудің алдында нөсерлі жауып болып, алаңды сортаңды батпаққа айналдырып жіберіпті. Бразилдік ойыншы Леонидас бутсыларын шешіп, жалаңаяқ ойнауға тырысыпты. Дегенмен төреші мұндай фокуске тыйым салыпты. Осыдан соң Леонидас спорттық түрде ашуға мінді де поляктарға бақандай төрт гол соқты. Бразилия 6:5 есебімен жеңіске жетті.
- 1966 жылғы әлем біріншілігіне дайындық барысында Солтүстік Корея құрамасын жарты жылға ешбір демалыссыз, туған-туысқандарымен көрісуге тыйым түрінде жоғары таулы жаттығу базасында қамап қойыпты. Анығы сол, осынау әрекет жемісін берді ақыры. Дода барысында КХДР Италияны ұтты д, плей-офф кезеңіне жолдама алған тұңғыш азиялық құрама атанды.
- Әлем чемпионаттары финалына халқының саны, аумағы жағынан ең кішкентай ел ретінде Тринидад және Тобаго болып табылады. 2006-ӘБ қатысқан колоритті аралдықтар барлық көрерменнің көз айымына айналды. Өкініштісі соол, жарыста олар бірде-бір ол соға алмай, арманда кетті.
- 1950-ӘБ ақтық ойынында Уругвайдан күтпеген жерден ұтылып қалған Бразилияның екі жанкүйері дәл стадионда трибунаның жоғары қабатынан секіріп, өз-өздерінің өмірін қиды.
- Уругвайлық Хуан Хохберг 1954-ӘБ Венгриямен болған кездесуде ойын аяқталуға екі минөт қалғанда есепті теңестірді. Қуаныштан естері шықан уругвайлық жанкүйерлер гол авторынның үстіне төпеледі кеп, мұндайдан соң ол есінен таңып қалды. Ол кезде ойыншыны ауыстыру құқы болмаған, азайып қалған уругвайлықтар овертаймда екі гол жіберіп алып, жеңіліс тапты.
- 1990-ӘБ алдында БАӘ шейхтері өз құрамасының ойыншыларына әр соғылған гол үшін бір-бір удай қымбат «Роллс-Ройс» автокөлігін беруге уәде етті. Жеме-жемге келгенде шейхтердің шашқан шығыны көп болмады: команда бар жоғы екі гол соқты, топтық кезеңнің барлық үш ойынында жеңіліп қалды.
- 1930-ӘБ Румыния құрамасының құрамын жергілікті монарх Кароль ІІ жеке өзі бекіткен екен.
- 1974-ӘБ ГДР құрамасының форварды Юрген Шпарвассер ГФР қарсы өткен принципиалды ойында жеңіс голын соқты. Сонысымен бүкіл коммунистік насихат тетігін рақаьқа бөледі. Тағдырдың жазуымен дәл сол Юрген Берлин қабырғасының құлауына дейін ГФР-ге қашып кеткен сол команданың алғашқы ойыншысы болды.
- 1954 жылғы швейцарлық мундиальде 30 градустық ыстықта Шотландия құрамасы ұзын жеңді жылы тоқыма жейделермен ойнады. Анығында, Шотландияның таулы аймақтарында айтарлықтай суық, сондықтан да болар бұл жайт шотландық федерацияның Швейцария тауларындағы ойын алдында сақтық шараларын сақтаған түрі.
- Бельгиялық қақпашы Мишель Прюдомм ұлттық құраманың свитері астында әрдайым өзінің туған командасы «Стандардтың» жейдесін киіп жүрген. Дегенмен 1994-ӘБ ауа райының тым ыстық болғанына байланысты Прюдоммға дәл ойын кезінде киімін ауыстыруға тура келді.
- Уругвайылқ Монтевидеодағы 1930-ӘБ ақтық ойыны алдында полиция көрермендерден 1,5 мың револьвер тәркіледі. Сол жылдары Монтевидео Жер шарындағы ең мазасыз мекен болған сыңайлы.
- Әлем чемпионаттары тарихындағы алғашқы голдың авторы Люсьен Лоран Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде немістерге қарсы соғысты, тұтқында болды, абырой болғанда, тірі қалды. Майданға аттанар алдында ол тарихи ол соққан өзінің жейдесін диванның жақтауына жасырып кеткен екен. соғыстан оралған соң Лоран өз үйінің қирандыларын ғана көріпті. Баға жетпес жауһар күлге айналып кетті.
- 1938 жылы ұлтшыл Герменияның Австрияға аншлюсі (басыбайлылық) орын алды. 1938-ӘБ алдында немістер өз құрамасын мықты деген австриялық ойыншылармен күшейтпек болды. Бірақ ең басты австриялық жұлдыз Маттиас Синделар Германия үшін ойнаудан үзілді-кесілді бас тартты. Ал бір жылдан соң жұмбақ жағдайда қаза тапты.
- New York Times газетінің редакторы 1950-ӘБ Англиямен болатын ойында АҚШ жеңіске жетеді деген хабарлама басылған жеделхатқа сенуден бас тартты да бұл жаңалықты нөмірге жібермей қойды. Сол жылдары осындай болжамға сенгенше, ядролық соғыстың басталатынына сену оңайырақ еді.
- АҚШ-тағы 1994-ӘБ ашылуы кезінде жарыс әнұранын шырқаған әнші Дайана Росс символдық он бір метрлік айып соққысын орындау қажет еді. Росстың соққысы сондай ебедейсіз шықты, бұндай ұсқынсыз көрініс футболдың американдықтарға жат спорт түрі екенін артық рет дәлелдеді.
- Болгарияны әлем біріншіліктерінде танытқан 160 футболшының ішінде тек қана үш ойыншының тегінде үйреншікті «-ев» немесе «-ов» буынымен аяқталмағаны анықталды: Евгений Найчовски, Милко Гайдарски және Петар Михтарски. Аталғандардың бәрі – этникалық македондықтар.
- 2002 жылдың көктемінде испандық қақпашы Сантьяго Каньисарис сондай сәтсіз тебіндеген мұрт-сақалын қырды: қырыну кезінде ол аяқ астынан одеколон құтысын аяғына түсіріп, ахиллдік сіңірін кесіп алды. Нәтижесінде Каньисарис сол жылы Жапония мен Оңтүстік Кореяда өткен әлем біріншілігіне бармай қалды.
- ФИФА ережелеріне сәйкес құрамалар ұсынған тапсырыста әлем біріншілігіне қатысатын ойыншылар 1-ден бастап 23-ке дейінгі нөмірлерді жейделеріне алу керек. Жапония командасына бұл талап ерекше проблемаларды әкеледі: «төрт» және «өлім» сөздері жапонша бірдей дыбысталады екен, сондықтан 4 саны сәтсіздік деп есептеледі. 4 саны жазылған жейдемен кімге ойнау керектігін жапондықтар соқыр жеребе тарту арқылы шешеді екен.
- 1974-ӘБ Заир құрамасы Югославиядан 0:9 есебімен масқара боп күл-талқан ұтылды. Заирлік диктатор Мобуту келесі ойында олар 0:3 есебінен артық ірі есеппен тағы жеңілетін болса, өз құрамасының ойыншыларына жақсылап тұрып сыбағаларын беремін деп уәде етті. Ал келесі ойында заирліктерге қарсы Бразилия құрамасы ойнағанына қарамастан, олар 0:3 есебімен қаһармандықпен жеңілген екен.
- 1954-ӘБ Бразилия – Венгрия кездесуінде қосалқы ойыншылар орындығында отырған венгрлік Ференц Пушкаш су құйылған құтыны дәл лақтырғаны сонша – бразилдік ойыншыны ойыннан бір сәтке тоқтатып тастады. Бұл ойын сондай қатыгез өрбіді (алаңнан үш ойыншы қуылды) және футбол тарихына «Берндегі шайқас» деген атпен кірді.
- 1990-ӘБ бір ойыны алдында итальяндық порностудия бас рөлде Чиччолина ойнаған арнайы фильм түсірді. Бір қызығы сол, онда мынадай көрініс болды: ұлтжанды Чиччолина атақты футболшылар Юрген Клинсман, Диего Марадона және Рууд Гуллитке ұқсайтын актерлерден барлық шырынды сығады екен. Міне осылайша өзінің туған итальяндық құрамаға жеңістерге жол ашқанға ұқсайды.
- 1982-ӘБ қатысқан КСРО құрамасының тапсырысында туған ағайындылар Вячеслав және Виктор Пановтар қақпашылар ретінде тіркелді. Дегенмен екеуі де додада бір минөт те алаңда өнер көрсеткен жоқ. Бәріне кінәлі КСРО құрамасының сапында тамаша ойын өрнегін түзген сөзсіз нөмір бірінші Ринат Дасаев болды.
- 2002-ӘБ жолындағы Тунис және Мадагаскар арасында өткен іріктеу кездесуінде мадагаскарлық барлық 13 ойыншының (11-і негізгі және екеуі ойыншы алмастырған қосалқы ойыншы) тегі «Ра» буынынан басталған екен: Рахарисон, Радафисон (оны Ралахаджанахари алмастырды), Ратаконбрабе, Радонамаха, Рацимихалона, Рандри-мирозака, Рандрианориво, Рандрианоэлисон, Разафиндрикото, Расоанаиво, Раилисон (оны Рандвюна алмастырды).
- 1974-ӘБ ақтық ойынның басталуы он минөтке бөгелді. Себебі сол – мюнхендік аренаның қызметкерлері бұрыштамадағы жалаушаларды орнатуды ұмытып кетіпті.
- 1930 жылғы Уругвайда өткен бірінші әлем біріншілігінің ақтық ойынындағы бельгиялық төреші Жан Ланженю галстугі бар сәнді пиджак пен көзге түсетін галифе-шалбар киіп шығыпты.
- 1966-ӘБ шымылдығын ашқын Англия мен Уругвай арасындағы кездесуді кейінге шегеруге тура келді, себебі ағылшын құрамасының жеті ойыншысы отельде аккредитациялық карточкаларын ұмытып кетіпті. Британияда өз ойыншылардың барлығын түріне қарап бәрі де бірден танитынына қарамастан, полиция футболшыларды стадионға кіргізуге тыйым салды. Регламенттің аты қашанда регламент қой әлбетте.
- 1938-ӘБ Голландиялық Үндістан құрамасының капитаны дипломы бар дәрігер Ахмад Навир болды. Ол алаңда тіпті докторлық көзілдірік киіп ойнады.
- Венгрия құрамасы 4 жыл 2 ай бойында 29 халықаралық кездесуде жеңілістің ащы дәмін татқан жоқ. Ұлы серия сондай сәтсіз уақытта үзілді: 1954-ӘБ ақтық кездесуінде венгрлер ойда жоқта немістерге ұтылып қалды.
құрақтаған
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы
|