АЛТЫН ДӘН – НӘН НАН
Тәуелсіздік тұғырындай Алтын күн!
Әнұрандай шымырлатар еркін үн.
Жайқалады Туымыздай алтын дала,
Қамбаны марқайтатын алтын дән!
Дастархан төріндегі ыстық нан,
Қолынан өткізді ғой бірталай жан.
Құрсағынан жаратылып Жер-ананың,
Шырқай түссін, шарықтасын ұран-ән!
Жаңбыр төкті мөлдір нәрін, аянбады,
Күн сәулелі нұрын шашты, тығылмады.
Шүпірлеген балдырғандай қаз-қаз тұрды,
Асау жел шыр айналды, жығылмады.
Моншақтайын сусылдаған алтын дән,
Сары күзде ғажаптанған бірегей сән.
Шебер сынды комбайнның ебіменен,
Қамбада шырқалғандай көңілді ән.
Нәрлендірді Диқан-баба алақаны,
Қуат болды адал тердің тама аққаны.
Просмотров:
793
|
Добавил:
shakhibbeker
|
Дата:
08/10/2011
|