13:47 Жүрекжарды тағзымдайын | |
АЛТЫН ДӘН – НӘН НАН
Тәуелсіздік тұғырындай Алтын күн!
Әнұрандай шымырлатар еркін үн.
Жайқалады Туымыздай алтын дала,
Қамбаны марқайтатын алтын дән!
Дастархан төріндегі ыстық нан,
Қолынан өткізді ғой бірталай жан.
Құрсағынан жаратылып Жер-ананың,
Шырқай түссін, шарықтасын ұран-ән!
Жаңбыр төкті мөлдір нәрін, аянбады,
Күн сәулелі нұрын шашты, тығылмады.
Шүпірлеген балдырғандай қаз-қаз тұрды,
Асау жел шыр айналды, жығылмады.
Моншақтайын сусылдаған алтын дән,
Сары күзде ғажаптанған бірегей сән.
Шебер сынды комбайнның ебіменен,
Қамбада шырқалғандай көңілді ән.
Нәрлендірді Диқан-баба алақаны,
Қуат болды адал тердің тама аққаны.
Қалын қолдай менмұндалап сап түзеді,
Берекемен айшықталды табыс саны.
Маңғазданбай, тағзым ете иеді бас,
Осынау жолда аянбады үлкен де жас.
Асыл нанның алтындайын әр қиқымы,
Бағамдасақ, қуаныштан тамған жас.
Ас атасын бір адамдай қадірлейік,
Қадірлеудің маңызын да білейік.
Ысырапсыз оңды-солды еш шашпай,
Нан әнімен шаттанайық, күлейік!
Ибраhим Бегімхан Керімханұлы
| |
|
Всего комментариев: 0 | |