Мектепішілік басқарудың теориясы мен практика-сында (Ю. А. Копержевский, Т. И. Шомова және т.б.) педагогикалық талдаудың негізгі түрлері анықталған. Талдаудың субъектісіне (не талданады) қарай оның көп-теген түрлері кездеседі. Солардың арасынан параметрлік, тақырыптық және қорытынды талдау деп аталатын үш түрді бөліп атауға болады. Параметрлік талдау оқу үдерісінің барысы һәм нәтижесі туралы күнделікті мәлімет жинап, ондағы кемші-ліктердің себебін анықтауға бағытталды. Параметрлік талдау барысында тұтас педагогикалық үдерістің барысына өзгерістер мен түзетулер енгізіледі. Параметрлік талдаудың мазмұны ағымдағы сабақ үлгерімі, сыныптағы, мектептегі бір күндік, бір апталық тәртіп, сабаққа, сыныптан тыс шараларға қатысу, мектептің санитарлық жағдайы, сабақ кестесінің сақталуы және т. б. сияқты мәселелерді қамтиды. Соның ішіндегі мектеп басшысы мен оның орынбасарларының негізгі жұмысы сабаққа және сыныптан тыс шараларға қаты
...
Читать дальше »