12:11 Білімденудегі менеджмент белестері | |
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ПАНОРАМАСЫ
Мектепішілік басқарудың теориясы мен практика-сында (Ю. А. Копержевский, Т. И. Шомова және т.б.) педагогикалық талдаудың негізгі түрлері анықталған. Талдаудың субъектісіне (не талданады) қарай оның көп-теген түрлері кездеседі. Солардың арасынан параметрлік, тақырыптық және қорытынды талдау деп аталатын үш түрді бөліп атауға болады. Параметрлік талдау оқу үдерісінің барысы һәм нәтижесі туралы күнделікті мәлімет жинап, ондағы кемші-ліктердің себебін анықтауға бағытталды. Параметрлік талдау барысында тұтас педагогикалық үдерістің барысына өзгерістер мен түзетулер енгізіледі. Параметрлік талдаудың мазмұны ағымдағы сабақ үлгерімі, сыныптағы, мектептегі бір күндік, бір апталық тәртіп, сабаққа, сыныптан тыс шараларға қатысу, мектептің санитарлық жағдайы, сабақ кестесінің сақталуы және т. б. сияқты мәселелерді қамтиды. Соның ішіндегі мектеп басшысы мен оның орынбасарларының негізгі жұмысы сабаққа және сыныптан тыс шараларға қатысуы. Параметрлік талдау нәтижелерін тіркеп, жүйелеп, қорыту тақырыптың педагогикалық талдауына негіз қалайды. Осы тұрғыдан алғанда параметрлік талдау - фактілерді атап көрсету емес, оларды салыстыру, жинақтау, оның қалыптасу себебін анықтап, соңғы салдарын болжау. Осындай талдау нәтижелері және соның негізінде қабылданған шешім шұғыл түрде іске асыруды қажет етеді. Тақырыптық талдау педагогикалық үдерістің барысында барынша тұрақты ағымдар һәм нәтижелерді зерттеуге бағытталады. Тақырыптық талдау мазмұны мынадай кешенді мәселелерді қамтиды: оқытудың озық әдістерін үйлестіру, оқушылардың білім жүйесін қалып-тастыру; мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің адамгер-шілік, эстетикалық, дене, ақыл-ой тәрбиесінің жүйесі; мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің деңгейін көтеру; мектепте инновациялық орта қалыптастырудағы педагогикалық ұжымның рөлі және т.б. Параметрлік талдау негізіне сүйене отырып, тақырыптық талдау барысында мектеп басшылары қорытынды талдаудың мазмұны мен технологиясын негіздейді. Қорытынды талдау уақыт, кеңістік және мазмұн жағынан да барынша кең көлемді қамтиды. Ол оқу тоқсаны, жарты жылдық, оқу жылының қорытындысымен өткізіліп, қол жеткен нәтижелер, олардың алғышарттарын оқып-үйренуге бағытталады. Қорытынды талдау басқару циклінің барлық функцияларын қамтиды. Қорытынды талдау үшін мәліметтер параметрін, тақырыптық талдау тоқсандық, жарты жылдық бақылау жұмыстары, мұғалімдер, сынып жетекшілері, қоғамдық ұйымдар ұсынған ресми есеп, анықтамалардан құралады. Педагогикалық талдаудың негізгі нысандары өз бойына балаларды оқыту һәм тәрбиелеудің барлық мақсаты, міндеті, мазмұны, түрлері мен тәсілдерін жинақтаған педагогикалық талдаудың негізгі нысаны ең алдымен сабақ, сыныптан тыс шаралар және мектептің оқу жылының қорытындысы. Педагогикалық талдаудың барлық нысанын біріктіруші - ортақ әдістемелік жүйе болып табылады. Мектепті басқарудың қызметі ретінде педагогикалық талдаудың жүйелік ыңғайының әдістемесі мен қисыны мынадай әрекеттердің сабақтастығынан анғарылады: -сабақты, тәрбиелік шараларды немесе оқу жылына барынша жалпы жүйелік бөлігі ретінде қарастыру, яғни олардың рөлін сабақтар, тәрбиелік шаралар жүйесіндегі және осы оқу жылын өтпек, болашақ оқу жылдарымен салыстырғанда алатын орнымен айқындау; - педагогикалық ұжым, оның педагогикалық мәдениет деңгейі, мектептегі моральдік-психологиялық ахуал және т.б. тиімділігін айқындайтын жиынтық факторларды табу; - оқу жылында жоспарланған жұмыстардың негізгі бағыттарының мазмұны мен түрін, әдебиеттің мақсат-тылығы мен негізділігін айқындау; - оқу жылы бойындағы жұмыстың, сабақ, тәрбиелік шаралар нәтижесін талдау; - оларды ұйымдастырудағы кемшіліктер мен жетістіктердің негізгі себептерін айқындау; - жаңа оқу жылында жүргізілетін кешенді жұмыстарды жақсартуға ұсыныстар мен қорытындылар жасау. Мектеп әкімшілігінің үнемі назарында болатын нысан - сабаққа қатысу және оған педагогикалық талдау жасау. Мектептің даму тарихында басшысының сабаққа енуінің ақылға сиятын да, сыймайтын да нормативі болды. Бірақ, қатысқан сабақтың соңы оған жасалған талдаудың сапасына тікелей әсер ететіндігі ақиқат. Мектеп басшысының басқару қызметінде сабаққа талдау жасаудың кеңейтілген, қысқа және кезендік түрлері кеңінен қолданылады. Сабаққа кеңейтілген педагогикалық талдау жасау сабаққа қойылатын тәрбиелік, дидактикалық, психологиялық, санитарлық-гигиеналық талаптардың барлығына тоқталуды қажет етеді. Талдаудың бұл түрі жұмысты жаңа бастаған мұғалімдерге, белгілі бір қиындыққа тап болған мұғалімдерге я болмаса іс-тәжірибесі арнайы зерттелетін мұғалімдердің сабағына баға беруде қолданылады. Сабаққа қысқа талдау жасау директор, оқу ісінің меңгерушісі немесе әдіскер тарапынан ұсыныс не ескерт-пені барынша айқынырақ етіп беруді талап етеді. Сабаққа қысқа талдау жасау атүсті талдау немесе сабаққа көз алдау үшін қатысу емес, талдаудың бұл түрі мұғалім тұлғасын жақсы білу, жоғары әдістеменің және басқару мәдениетін талап етеді. Кезеңдік талдау сабақтың белгілі бір кезеңін, мысалы, оқушылардың таным белсенділігін арттыруда көрнекілік қолдану, не мұғалімнің үй тапсырмасын тексеру жұмысы, не сабақ барысында оқушылармен топтық жұмыс жасау ерекшелігін қамтиды. Мектеп басшысының талдамалық қызметінде тәрбиелік шараларға педагогикалық талдау жасау маңызды орын алады. Ақиқатында, тәрбиелік шаралар іске асу үдерісінде балалар қатысатын ұйымдық, пәндік, шығармашылық әрекеттер сияқты бір-бірімен өзара байланысты бірнеше кезеңдерден тұрады. Тәрбиелік шараларға педагогикалық талдау жасаудың қисыны оның кезендерінің бірізділікпен іске асуынан көрінеді. Кезеңдердің бірізділігі былай іске асады: тәрбиелік шараның мақсаты мен міндеттерін, іске асыру түрін бірлесіп дайындау; бірігіп жоспарластыру; оқушы-лардың дайындыққа тартылуы және мұғалімдердің педагогикалық басшылығының ерекшеліктері; тәрбие ісін тікелей жүргізу; бірлесіп қорыту һәм талдау жасау. Мектептің және оның басшыларының жұмыс тәжирибесін зерттеу тәрбие ісіне педагогикалық талдау жасаудың барысында мынадай мүмкін мәнді нұсқа ұсынуға болады: Тәрбие ісін мақсатына талдау; Тәрбие ісінің тақырыбына, осы іске асырудың түріне талдау, аталған шараның сынып, мектептік тәрбие жүйесіндегі орнын анықтау; Тәрбиелік істің өтетін орнын бағалау, аудиторияны безендіру, пайдаланылатын құралдардың сапасы мен күтімі; Тәрбиелік істің әрбір кезеңіне талдау (кезекшінің тәрбиені міндетті іске асыруы, кезек міндеттерінің мазмұнға сай келуі, қолданылған әдістердің тиімділігі, кезең нәтижесінде талдау); Тәрбиелік шараның оқушы тұлғасына дербес ықылас, оның балалар ұжымын қалыптастыру, өзін-өзі басқаруын дамытуына талдау; Мұғалім, сынып жетекшісінің қызметіне, педагогикалық шеберлігіне тәрбиешінің тәрбие үдерісін басқарудағы біліктілігі мен кәсіпқойлығына, беделі, педагогикалық әзірлігіне баға беру; Тәрбие ісінің жүргізудегі кемшіліктері, оның себептері; Сынып жетекшісіне, мұғалім мен тәрбиешіге тәрбие үдерісін жетілдіруіне ұсыныс, ақыл-кеңес беру. Мектептің оқу жылында атқарған жұмыстарының қорытынды талдауының негізгі мазмұнын мынадай басты бағыттар құрайды: Оқыту сапасы - мұғалімдердің қажеттік дайын-дығының дамыта оқыту талаптарына сай болуы; Білім беру бағдарламалары мен стандарттардың орындалуы; оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін қолдану; сабақтың тәрбиелік мүмкіндігін іске асыру; тұлғалық ерекшеліктер һәм дербестік нышандарды дамыту; оқушылардың білім, дағды, іскерлігін бағалаудың шараларын сақтау; Оқушылардың білім, іскерлік дағдысының сапасы - көлемі, тереңдігі, жүйелілігі, түсініктілігі, танымдылығы; оқушылардың жалпы білім берудің барлық сатысындағы білім сапасы; оқушылар біліміндегі типтік олқылықтар мен олардың себептері; оқушылардың компьютерлік білімі және т.б. Оқушылардың тәрбиелік деңгейі; мектептегі әдістемелік жұмыстың жағдайы мен сапасы; Ата-аналармен және қоғамдық ұйымдармен тиімділігі; Оқушылар денсаулығы жайлы санитарлық-гигиеналық мәдениет; Мектеп кеңесінің, педагогикалық кеңес қызметінің нәтижелілігі; он бір жылдық оқу және тәрбие цикліндегі мектеп жұмысы; мектептің есепті баяндамасы. Қорытынды талдау жасау оның айқындылығы, тереңдігі, перспективлігі жаңа оқу жылының жоспарын жасауға дайындық қызметін атқарады. Кез келген педагогикалық үдерісті басқару мақсат қою мен жоспарлаудан тұрады. Педагогикалық жүйенің үнемі қозғалыста, үнемі даму үстінде болуы оқу-тәрбие жұмысында мақсат қою мен жоспарлауды жетілдіріп отыруды қажет етеді. Әрине, тәрбиеленушілердің бойында белгілі бір қасиеттің қалыптасуын дәл белгілеу, жоспарлау мүмкін емес. Ал жоспарлау жеке тұлғаның барынша және жан-жақты дамуына қолайлы айқын жағдай туғызуы тиіс. Сондықтан педагогтардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер қоғамның алдындағы жалпы міндеттер мен мақсаттардың көрінісі болып табылады. Мақсат жоспардың өзегі болғандықтан, ол педагогтің де, оқушының да әрекетін қамтуы керек. Басқару қызметінің мақсаты - жұмыс түрлері мен тәсілдерін, оның жалпы бағыттарын айқындайтын бастау. Педагогикалық жүйеде мақсат қоюдың ерекшелігі бұл жерде қоғамның айқын талаптарын білу жеткіліксіз. Бір жерде басқару әрекетінің жалпы мақсаттарын оқушылардың жас ерекшелігі мен дербес-психологиялық ерекшеліктерін ескеріп белгілеу орынды. Жалпы мақсатты жан-жақты тармақталған "ағашқа" теңейтін болсақ ''басты'' мақсат оның діңі болып шығады. Сондықтан оның педагогикалық үдерістің басты мақсаты жекелеген мақсаттардың іске асуы есебінен нәтиже беретінін ұмытпау қажет. Сапалы түрде мақсат белгілегенде директормен бірге мұғалімдер, оқушылардың да осы жұмысқа тартылуы, оладың әрқайсысының педагогикалық үдерісте белгілі бір құқық, міндет, жауапкершілік арқалауына жағдай жасайды. Мақсат қоюды осылай түсіну кешенді мақсатты бағдарламаны іске асыратын жоспарластыруға мүмкіндік береді. Кешенді мақсатты бағдарлама мектеп жұмысы жоспарының қысқартылған моделі емес, ол мектептің жалпы жоспарынан бөліп алынған барынша маңызды 3-4 мәселені нақтылана түскен бөлігі. Бұндай мақсатты бағдарламаның мазмұнын айқындайтын қысқаша түсініктемесі болады; оның жалпы мектептік жоспардағы орны; басты мақсаты, міндеттер жүйесі; мақсатқа жету көрсеткіштері; орындалу мерзімі; міндетті орындауды басқарудың мәліметпен қамтамасыз етілуі; бағдарламаның орындалуын бақылау; қорытынды талдау; бағдарламаны орындауға енгізілген түзету. Мектептегі басқаруды жоспарластыру зерттейтін құбылысқа жасалған педагогикалық талдаудың негізінде іске асатын мақсатты бағдарлама деп білеміз. Бұл жерде жоспар түрінде қабылданған шешім ұзақ перспективаға арналуы, шұғыл, адамдағы істерді шешуге бағытталуы мүмкін. Осыған байланысты мектеп жұмысының жоспарын перспективалық, жылдық, ағымдағы деп бөліп қарастырамыз. жиған-терген
ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы
| |
|
Всего комментариев: 0 | |