БЕС ЖЫЛ БОЙЫ...
Сұм соғысты Жеңіс жеңді ақыры,
Шаршады Жер, көрінді жүдеу тақыры.
Бес жыл бойы ауыр майдан, арпалыс,
Танылып сан баһадүр сыр-қыры.
Адамзат көрмеп еді зор алапат,
Бомба, мина, снаряд һәм жарылғыш зат.
Бес жыл бойы қиын-қыстау, қиналыс,
Жаулап алды жер-жаһанды танк, автомат.
Фашис біткен жамиғаттың алды мазасын,
Бейбіт халық тартты талай жазасын.
Бес жыл бойы суыт хабар, қара қағаз,
Өлгендердің кім толтырар қазасын.
Сұм фашизм пәле болып жабысты,
У-зәрімен бейбітшілікті тауысты.
Бес жыл бойы аждаһадай айбат шекті,
Айуандықтан Гитлердің есі ауысты.
Қан майданға жауынгерлер аттанды,
Алмастырып кешке кешті, таңға таңды.
Просмотров:
816
|
Добавил:
shakhibbeker
|
Дата:
18/04/2010
|