үшінші тоқсан басталысымен небәрі болар-болмас алты-ақ күн оқыдық. Басқа күндерде аяздар оқытпай, тұсаулап тастады. Енді күннің беті бері қарауын ғана тілеп отырмыз.
Просмотров: 903 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 24/01/2010 | Комментарии (0)

Білгенге – маржан Елтаңба дегеніміз не? Негізі, «Герб» сөзі неміс тілінен аударғанда «ербо» –мұра деген мағынаны білдіреді. Ал дәл осы ұғымды тіліміздегі «таңба» деген сөз анық жеткізеді. Бұл әрбір елдің, қаланың, әрбір рудың, жеке адамның бейнесі белгіленген шартты және ерекшелік белгісі. Елтаңба иесінің тарихымен тығыз байланысты болады. Елтаңба сол елдің заңына байланысты анықталады және заң бойынша бекітіледі. Геральдика (елтаңбатану) және вексилология (тутану) атты ғылым салалары өмірге келгелі бірнеше ғасыр өтті. Бұл жөнінде алғашқы кітаптар ХVІ ғасырда-ақ белгілі болған. Француз тарихшысы Менестрэ 1650 жылы осы мәселені үңгіп жазған үлкен еңбегі үшін елтаңбатану ілімінің атасы атанды. Алғашқы елтаңбалар қашан пайда болған? Алғашқы нышандарға жататын тотемдік белгілер әлемнің барлық халықтары арасында кең тараған. Негізінен, жануарлар бейнесі кескінделген бұл тұмаршалар белгілі бір рулар мен тайпалардың ортақ рәмізіне айналды. Олардың қай қоғамдастыққа жататынын сол тұмаршаларға ... Читать дальше »
Просмотров: 1426 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 24/01/2010 | Комментарии (0)

Ауыл мектебі хал-ахуалы КОМПЬЮТЕРЛІК БАЗАНЫҢ ТОЗЫҒЫ ӘБДЕН ЖЕТТІ Басқасын қайдам, ал осы күндері Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің компьютерлік базасы тозып тұр. Бұндай күйге түсуінің бірден-бір себебі осыдан тоғыз жыл бұрын орнатылған компьютерлердің ескіріп, талапқа сай қызмет көрсете алмауында екені айдан анық. Қазіргі білімдену жатпай-тұрмай ақпаратты-коммуникациялық технологияларды мейілінше кешенді пайдалануды талап ететінін ескерсек, салымыз суға кетіп тұрғандаймыз. Айталық, тозығы жеткен компьютер арқылы қолда бар электронды оқулықтарды кеңінен қолдана алмаймыз, себебі компьютер жадысы тар, күші де жеткіліксіз. Осыдан екі жыл бұрын орнатылған интербелсенді тақтаның да жұмысы өрге баспай тұр. Оны тежеп тұрған онымен әкелініп, іске қосылған ноутбуктің сапасыздығы: ұзаққа шаппай, мезгілінен ерте істен шығып қалғандығы. Оны оңдайтын мекеннің жақын маңда болмауы жығылғанға жұдырық болғандай. Мультимедиялық дәрісхана замана талабына сай аса қажет. Интернетке шығу ұмыт қал ... Читать дальше »
Просмотров: 1071 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 24/01/2010 | Комментарии (0)