08:38
Тұлғалану толқындарында

ІШЕГІМІЗ – ЕКІНШІ МИЫМЫЗ

Ішегіміз – ағзадағы ең маңызды орган. Ағзамызға түсетін тағамдардың қорытылу сапасы, адамның энергия мөлшері – тоқ ішектің жай-күйіне тікелей байланысты. Зерттеулер мидың жұмысы тікелей ішекке байланысты дейді. Ішектерімізде сератонин және басқа да нейротрансмиттер түзіледі. Ішектерімізде «екінші ми» деп аталатыны сондықтан. Ішегіміз дұрыс жұмыс істемеген жағдайда, бойымызда сератонин гормондары қажетті деңгейде түзілмейді. Бұл жағдайда адам бойдағы қуатын жоғалтып, депрессияға байланысты.

Адамның салмағы, тері жағдайы, нейроэндокриндік, иммунитеттік жүйесі ішектің жай-күйіне тікелей байланысты.

Өйткені иммундық клеткаларымыздың шамамен 60-70 пайызы ішегімізде. Сондықтан ішек шлактармен кірленген кезде иммундық жүйе өз қызметін дұрыс атқара алмайды. Нәтижесінде, адам жиі суықтап, рак, аллергия, қан қысымы, қант секілді түрлі ауруға шалдығады. Вирустарға төтеп бере алмайтын әлсіз жағдайға тап болады.

Егер сіз үнемі шаршап жүрсеңіз, бойыңызда энергия жетіспеушілігі байқалса, онда бауырыңызда проблема бар деген сөз. Ал бауырда проблема болса, онда ішекте проблема бары анық. Адамдар «Жас кездегідей бойда қуат жоқ» деп шағымданып жатады. Шын мәнінде, бұл жастың ұлғаюымен емес, дұрыс тамақтанбау мен тоқ ішектің токсиндерге толып қалуына байланысты.

Өйткені ішекте жиналып қалған токсиндер мен аммоний, скатол, индол, күкіртсутегі секілді улы газдар қорытылған заттармен бірге қанға сіңіп, бауырға өтеді. Бауыр – токсинді сүзуге арналған негізгі ағза. Бірақ толассыз әрі шамадан тыс жүктелген токсиндер бауырға салмақ түсіреді. Бұндай жағдай үнемі қайталана бергендіктен, белгілі бір уақыттан кейін бауыр сыр береді. Нәтижесінде, «бауыр ауруы» пайда болады.

Бұл дұрыс тамақтанбаудың, салауатты өмір салтын ұстанбаудың салдарынан ішекке токсин жиналады да, энергия жетпей үнемі шаршап жүресіз. Алдыңызға қойған мақсаты орындауға шамаңыз жетпейді. Сөйтесіз де, жоспарлаған ісіңізді кейінге қалдырып, жалқауланасыз.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 6 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: