22:42 Тұлғалану толқындарында |
ДҰРЫС ҰЙҚЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ Көп адам өмірін жақсы жаққа өзгерткісі келеді. біраз нәрсені қолға алып, ретке келтіруге тырысады. Ішер асына мән береді. Спортпен айналысады. Күндік жоспарын құрады. Алдына үлкен мақсат қояды. Бірақ жетістікке жетуде ұйқының маңыздылығын ескермейді. Ерте жату құндылығын басқа шаруаларға, ермектерге айырбастай салады. Нәтижесінде, ертеңгі күні өнімсіз, берекесіз болады. Жасаған жоспары толық жүзеге аспайды. Адам толық тынығып, күні бойы жоғалтқан энергиясын қалыпқа келтіріп, келесі күнге күш жинап, сергек болуы өте маңызды. Қалтафонын түнде қуаттай алмаған адам ертесі күні (қуатын толтыру мүмкіншілігі болмаған жағдайда) қандай қиын жағдайға тап болса, ұйқысы қанбаған адамның жағдайы да дәл солай. Шамадан тыс артық ұйқы да, қанбаған кем ұйқы да адам ағзасына зиянды. Зерттеу бойынша 10 сағаттан артық ұйықтаған адамның ми жұмысы нашарлап, есте сақтау қабілеті төмендейді екен. Сондай-ақ көп ұйықтаған адамдар көбірек (49%) депрессияға ұшырайтындығы анықталған. Мұнымен қатар көп ұйықтайтын адамдарда қант диабеті, жүрек-қан тамыр ауруына, семіздікке шалдығуы көбірек кездесетін көрінеді. Кейбір зерттеушілер 8 сағаттан көп ұйықтайтындардың өмірі бұл мөлшерден аз ұйықтайтындарға қарағанда 15%-ға қысқа болатындығы жайлы айтқан. Көп ұйықтайтын адамдар ішкі ресурстары мен қабілет-қарымын тиімді пайдалана алмағандықтан, үнемі өздеріне көңілі толмай жүреді. Артық ұйқы мақсатсыз, үмітсіз, яғни өзіне деген сенімсіздіктен туындайды. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
|
| Всего комментариев: 0 | |
