20:14 Тұлғалану толқындарында |
СТРЕССТЕН АРЫЛТАТЫН ЖАТТЫҒУЛАР Стресс кезінде өзіңізді қолға алу – одан сақтанудың бірден-бір жолы. Сонымен қазір сізде стресс. Не істеу керек? Стресспен өмір сүре беремін десеңіз, ол – өз шешіміңіз. Ағза өзі тынышталып, стресстен құтылатын кез болады. Бірақ оны ұзақ күту керек. Немесе өзіңізді қамшылап, іске кірісіңіз. Бұл сізге тез қалыпқа келуге көмектеседі. Мұның бірінші жолы – тыныс алу жаттығулары. Өткенді қазбалап, өкіне бермеңіз. Өкініш – денсаулықтың хас жауы, сонымен бірге стрессті «ажырамас дос» етіп аласыз. Ой-санаңызды стресстен арылту үшін төмендегі нұсқауды оқып, тыныс алу жаттығуларын жасап көріңіз. Бұл жаттығу тез нәтиже береді және денеңіздегі барлық клетка демалып қалғанын бірден байқайсыз. Жаттығудан кейін көңілдегі күйзеліс бәсеңдейді. Бұндай қарапайым жаттығуды күнде жасап жүрсеңіз, ағзаңыз толық жақсарады. 1-жаттығу. Стрессті бағындыру
Осылай 3-4 рет қайталаймыз. Ең бастысы: мұрын арқылы жиналған демді, ауыз арқылы асықпай, ұзағырақ шығару керек. Терең тыныстау клеткаларыңызды ашып, бойыңызды стресстен арылтады.
2-жаттығу. Белсенді жаттығу Жаттығуды спорттық гантельмен жасаған тиімді.
Бұл жаттығудан кардиологиялық шынығып, барлық бұлшық ет ширайды. Бұлшық ет бір уақытта қозғалып, кардиошынығу жасау кезінде ағзаны толықтай оттегімен қоректендірген боламыз. Спорттық гантельдің салмағын мүмкіндігіңізге қарай аңдаңыз. Физикалық мүмкіндіктеріңіз бен өз ыңғайыңызға қарай гантельді ауыстырып тұрсаңыз болады. Бұл жерде ең бастысы – өзіңізді барынша жаттықтыру, жайлы аймақтан шығу. Бар күшіңізді салып, денеңіз жеңілдегенше аянбаңыз. Сонда ғана пайдасын көресіз. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |