19:56 Тұлғалану толқындарында |
ӨЗІҢНЕН ЕСЕП АЛУ ДАҒДЫСЫ Егер де есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Абай Жатар алдында күнің қаншалықты өнімді болғандығын білу мақсатында күндік жоспарыңдағы істердің атқарылып-атқарылмағандығына қарап, өзіңнен есеп алуды дағдыға айналдырған пайдалы. Кез келген жетістік – күнделікті атқарылған істердің жиынтығы. Күн сайын өзіңді есепке тарту арқылы атқарылған істеріңді көріп, жігерлене түсесің. Жасалған істі есіңе түсіріп көңілің көтеріліп, өзіңе деген сенімділік пайда болады. Әр жасалған жұмыс үшін Жаратқанға шүкір етесің. Ал жсопардағы атқарылмай қалған істердің себебіне үңіліп, келесі жолы оны жасаудың тиімді тетіктері мен жолдарын қарастырасың. Бөгеттері болса, оны жоюдың амалын іздейсің. Есеп алып болған соң келесі күннің жоспарын жасап, пысықтап алуды да әдетке айналдырған тиімді. Алдыңа қойған мақсатқа апарар жолдың қай жерінде келе жатқаныңды білу үшін аптасына, айына бір рет өз-өзіңнен есеп алуды да ұмытпа! Әзіреті Омар: «Алланың таразысына тартылмас бұрын, өздеріңнен есеп алыңдар», - деген. Ізгі жандар өзінен «Бүгін Алла ризалығы үшін қандай іс қылдың?» деп есеп алатын болған. Құранда «Әр адам ақыретіне не әзірлегеніне назар аударсың!» делінген. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |