08:33
Рухани-танымдық сүрлеулер

ЕҢБЕК ЕТУ ДЕГЕН НЕ?

Бақыттың кілті – еңбекте,

Еңбек өнімділігі – бірлікте.

Бірліктің берері – береке,

Береке сыйлар мереке.

Еңбек пен бақыт ажырамас ұғым.

Ерінбегенге бақ қонарын ұғын.

* * *

Молшылық-берекені көктен тілеместен, жігерлене берілген қажырлы, қайратты еңбегінен тілеген озар.

* * *

Еңбекті сүйгеннің:

Ешқашан ырыздығы сарқылмайды,

Несібесі еселеніп тасқындайды.

Қазаны көңірсіп қайнап,

Босқа қаңсымайды.

* * *

Жалқаудың тыңдауы бар, тындырымы аз.

Кежегесі кейін тартып, жатқанына мәз.

Қоғамға түскен жұлын құрттай құны аз –

Қитұрқыны қиямпұрыс-жалқауларды

Жолға салуды ойлансақ екен біраз.

* * *

Ізі таза болмаған, топқа ілеспей малтығар,

Сара еңбек – ақиқаттың құрығына ілініп,

Иесіне мадақ айтқызып, кеңістікке ап шығар.

* * *

Әрекеттену, еңбектену – тіршілік заңы. Дүниеде жанды заттың бәрі де өмір үшін арпалысады, еңбектеніп, әрекеттенеді. Еңбектен ерінбей, халыққа жақын болып, әрекет ете еңбектенгенде ғана, небір биік мансаптың өзі, өзіңді іздеп келеріне сен. Адам игілігі үшін нешебір құрбандыққа апарар мансап, адамға қажымас қайсарлық қасиет бітіреді.

* * *

Киікбай би Айтуғанұлы: «Нағыз бақ еңбектіге бітеді. Қызыр оның талпынысын күтеді. Ғұмыр үйретіп, данышпан етеді. Сүтпен кірсе, сүйекпен кетеді» деген екен.

* * *

Ақын М.әлімбаев еңбекті былай бағалаған: «Тәттілікті татуға кермек ащы тер керек. Өмірді өрге тартуға ез емес, тек ер керек».

* * *

Қожамберді Омаров қария өзінің «Жүректен туған жыр» атты кітабында: «Тер төгілген бейнет, үйге кірер дәулет, қиындықты қашанда еңбек қана жеңбек». «Қайратпен еткен еңбек, ғажайып жеміс бермек. Ерінбесең еңбектен, бақыт та өзі келмек» деп нақылдаған.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 6 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: