08:31
Рухани-танымдық сүрлеулер

ЕҢБЕК ЕТУ ДЕГЕН НЕ?

Еңбектен рахат тапқанның қашанда еңсесі биік болар.

* * *

Еңбексіз тапқан мал дәулет болмайды,

Оңай олжаға еліткендер, түбі оңбайды.

Ауырдың асты, жеңілдің үстімен жүргендер,

Болашағы бұлыңғыр, ақыры бір сорлайды.

* * *

Еріншек ерініп жүріп, аузындағысынан айырылады.

Ерінбей еңбектің көзін таба білген,

Арыстанның аузындағысынан, өзіне қажеттіні айырады.

* * *

Еңбекпен келген байлық – шыны, нығыз!

Бейнетсіз келген байлық – еритін мұз.

Еңбекті сүйгенді – ел жақтаған!

«Еңбек – ер атандырар»,

«Еңбек еткен емер», - деп,

Халық әркез қалпы айтпаған.

Ойланса мұны жалқаулар,

Істен қашып тайқақтаған.

* * *

Адам деген ат алған соң, Алла қол-аяғыңды сау етіп, қайрат-күш берген болса, талабыңды ұштап, жігеріңді жанып, еңбекке құлшына кіріссең, ортаң толады, ойындағың болып, бақыт басыңа келіп қонады.

* * *

Қажырлы еңбек – берекенің бастауы.

Енжарлық – барлық істің қас жауы.

* * *

Ісі өнімділер – өз ісінің маманы,

Даңқы шыққандар – көпшіліктің адамы.

* * *

Маңдай терді аямаған еселі адал еңбек,

Абырой, атақ, даңқ болып, өзіңе қайтып келмек.

* * *

Еңбектің түбі – қайыр,

Ұрлықтың түбі – қорлық зайыр.

Еңбек еткен бай болады,

Тарта ішсе, тай қалады.

* * *

Балықтың еркіндеуіне судың тереңі жақсы.

Еңбектенбеген адамға өмірдің саясы тапшы.

* * *

Барлық іске бесаспап болу, тіпті де мүмкін емес,

Білуге тырыспай, ниетсіздік таныту кешірілмес.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 5 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: