22:38 Рухани-танымдық сүрлеулер |
ЕҢБЕК ЕТУ ДЕГЕН НЕ? Байлық пен мол дәулет тамшылап төгілген термен, шынайы кәсіби жұмыспен шұғылдана отырып, кәсіпкерлігін дамыту арқылы ауыр еңбек ете білумен келмеген болса, ондай байлық опа бермейді. Яғни ондай байлықтың қайыры, шапағаты тимейді. Ал керісінше болған жағдайда, молшылыққа кенелген үстіне кенеліп, берекесі артады. Берген зекет-қайыры Алладан қайтады. * * * Адамның бақыты да – еңбек. Өмірдің өзегі де еңбек. Еңбек еткен әр адамға, Табыс та келер селдеп. Мамыражай өмір кешіп, Қажеттісіне атар мелдек. * * * Еңбек сүймес еріншек, елін де сүйе алмайды. Табыссыз болған соң, тоқ болып та оңбайды. * * * Ісің өрге басу үшін ынталы бол. Жағдайға сай, керегінде бастап кет қол. * * * Еңбекті сүйген жақсы, одан артық еш мұрат жоқ. * * * Еңбек – жеміс, ырыс әрі береке. Сыйлар саған шат көңілді мереке. Ерінбей еңбек етер болсаң, Елің де сенімен кеңеседі, елің кеңесер болса, Тартынбай тырбанғанның арқасында, Сенің де терезең жұртпен теңеседі, Қадір-қасиетің артып, Бар ісің оңға басып, мәртебең өседі. * * * Еңбектің өтеуі – тұрмысты сәулеттендіреді, Жақсылық-шапағатты бүкіл әулет көреді. * * * Еріншек – еміншек келеді. Еміншек емініп жүріп, арынан айырылады, Арсыз қалған адам барынан айырылады. * * * Еңбек – термен келеді, нәпақа – жерден келеді. * * * Еңбек шыққан жерден, төзім де шығады. Төзімділер өмірде әркез жан-жақты: Өзін-өзі шыңдайды, Межесіне жетпей тынбайды. Адал еңбек ет, Дәулет «өзі іздеп» келеді. Ащы тердің есесін, Алла ризық етіп төгеді. баспаға әзірлеп, жиған-терген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
|
| Всего комментариев: 0 | |
