21:29
Рухани-танымдық сүрлеулер

ЕҢБЕК ЕТУ ДЕГЕН НЕ?

Еңбек ету деген – ол қолға алған іске ынта қойып, жігерлене, ықыласпен кірісу, шын беріле «терлеу», қонымсыз іске көңіл бөлмеу.

Еңбек ету деген – ол істің көзін табу, іздену, жан-жақты шолу. Түпкі мақсат – алдыңғылар қатарында болу, озу!

Жұмыстың көзін таппағандарға үйрету, қол созу.

Қажет болса, үйрену, өгейсітпей ұстаздық күйге ену.

Еңбек етуге оқу, қол жұмысымен әрекет ету, жазу, ойлау жатады. Еңбектенуде ой жұмысы – жерден кен қазғаннан да ауыр, жүйкені жұқартар зілбатпан жұмыс. Ол күш-қайратты да, қажымас жішерді де, сауатты сананы да қажет етер өте «айтары жоқ» бейнетті жұмыс.

* * *

Белсенді  еңбек еткенді,

Молшылық тосар алдынан.

Бұйырар күнде шат көңіл,

Қуаныш пенен той-думан.

Еңбектен тиіп-қашып аулақтама.

* * *

Еңбек – мерей, абырой, жанға пана.

Еңбек еткеннің мұраты жарқын,

Жалқау, біле қоймас өмір парқын.

* * *

Ниет түзу болса адам жасағанды, үйренемін деген ынта мен жігердің арқасында, кез келген адам істей алады. Үйренуге ниет етерде, үйренгенім өзіме жақсы, істегенім еліме жақсы болар деген ой болса болды.

* * *

Маңдай теріңді төге берсең,

Елжірей берер жомарт жер.

Өтелер тез-ақ төккен тер,

Тәуекелді төресі де – еңбек,

Әлемнің әміршісі де – еңбек.

Еңбек – білгенге дәулет,

Білмегенге – құр бейнет,

Құрметің – нағыз сәулет.

* * *

Қажырлы еңбек пен шынайы парасаттылық, пәктік адамға қастерлеуге лайық бедел әпереді, ал аярлы көлгірсу мен кежірлік,

Нысапсыздық, ашкөздік емдемесе жазылмас кесел әкеледі.

* * *

Соңына түспегейсің дүниенің,

Байлыққа еліткенің – күйрегенің.

Нысап сақтап, мал тапсаң адалынан,

Бақ-береке сол болар сүйінерің.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 3 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: