10:08
Ең қысқа әңгіме

#205

Бұл – 21-ғасыр заңы: Заманың түлкі болса, тазы боп шал.

 

#206

Екі адамның бір-біріне шын ықыласпен қалтқысыз қызмет етуі – не арасындағы адал махаббат немесе асыл достықтың арқасы.

 

#207

Ең ауыр табыттар – ең кішкентай табыттар.

 

#208

Ол маған келді. Мені түсінгендей болды. Мен онымен бірге болдым.   

Мен оны түсінген кейіп таныта алмадым. Ол кетіп қалды.

 

#209

- Ата, неге еркектер жалқау?

- Ымм…

- Қызым, еркектер өзінің жалқаулығын әйелінің дүниеқоңыздығымен ақтап алады!

 

#210

Бұрын ата-анамыз бізден жасырған әңгімесін барын салып, шала орысша айтып отырушы еді.

Қазір баламыз түсініп қоймауы үшін қазақша сөйлесетін болдық.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 102 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: