21:58
Ең қысқа әңгіме

#199

Жатын бөлмеден:

 — Өзің жап аузыңды бықсымай! — деп ашулы шыққан Маржан: — Алшы мынаны ырбитпай. Не бәле мынау? Жинаңдар, қані! — деп тұңғышына да зірк етіп: — Басыңдар теледидардың үнін. Бастағалы жатырмын, — деп кабинетіне кірісімен, айнаға қарап алды да, камерасын қосып: — Қалайсыздар, жақсыларым? Неткен тамаша күн! Бүгін «Бақытты әйел» атты курсымызды ары жалғаймыз! — деп жарқын-жарқын сөйлеп кетті.

Өмір...

 

#200

Парашют жалға беріледі - 200$. Ашылмай қалса, ақшасы қайтарылады..

 

#201

Екі жігіт, бір бойжеткен. Бір жігіт, бір бойжеткен. Бойжеткен.

 

#202

Мұғалім жаңа ғана тапсырманы қалай орындау керектігін түсірдіріп отыра бергенде Нұрбақыт:

- Апай, қандай тапсырма, қалай орындаймыз? – деді.

- Ақсақ қой түстен кейін маңырайды, - деп сыныптағыларды қыран күлкіге қалдырды.

 

#203

Өмір мәнсіз! Бірақ ешкімнің өлгісі келмейді, – деді де данышпан, өз қарнын катанамен ақтарып, харакири жасады. Жаны шығуы оңайға соқпады. Ол тек басын шауып түсірер көмекші адамның болмағанына ғана өкінді.

 

#204

- Ата, міне қызық, Жер мен Күннің алшақтығы 149 597 870 700 метр екен!

- Сөз бен істің арасы одан да алшақ, - деді атасы теледидардан жаңалықтар қарап отырып.

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 105 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: