20:16
Ең қысқа әңгіме

#193

Өкінішті, өмірге келудегі миссия басқа емес, Аллаға құлшылық етіп, тапсырған парыздарын орындау керек екенін ұмытқандардың арасында мен де бар екем.

 

#194

Дәрігер ауруханадан шыққан соң темекі шегіп отыр еді. Кенет есіне науқастын ішіндегі скальпель қалып қалғаны түсті.

 

#195

Ұзақ уақыт бойғы ұйқыдан енді ғана оянғанда, ертегі айтып қайта ұйықтатып тастағандай...

 

#196

Жас жігіт ауылдасын арыздап полицияға келеді.

- Не жөнінде келдің? - деп сұрайды полиция.

- Мен кінәсізбін, бірақ ол мені ұрды, - дейді.

- Ол ұрса, сен де ұрмайсың ба?-десе,

- Ұрып сотталғанша, таяқ жеп ақша алмаймын ба? - деген екен.

 

#197

Ұялы телефонын ұстап, су ішуге бара жатқан ұлына әкесі айқайлап: “Сабағыңды оқы! Баққаны телефон, осы сен адам құсап, сабағыңды неге оқымайсың, а?! Неше рет айтамын саған? Оқы, тез!”- деп кіжінген бойы әрі қарай телефондағы ойынды жалғастыра берді…

 

#198

Жағымпаздана алмадым... Жұмыссызбын...

баспаға әзірлеген

Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 97 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: