20:03 Ең қысқа әңгіме |
#187 Ескі етік үнемі ілгіштің жанында тұрушы еді. Анасы сарай жинастырғанында алып келген бұл етікті ол, менсінбегендей, киюден бас тартқан. Кеше ғана қаладан келген інісі етікті алып кеткелі, ол бос қалған орынға жиі қарайтын болды. Бұрын көз қиығын салуға татымайтын ілгіштің жанындағы ескі етіктің орны оны сонша мазалағаны несі? Сірә, жаурағаннан.
#188 Табиғат адамдарға емес, адамдар табиғатқа мұқтаж. Адамдарсыз жер беті әдемі болар еді...
#189 - Сатам, қаншаға аласың... - 1000 тг, одан артық алмаймын... - Жақсы, -деп, ағасының ескі телефонын өткізді. Ағасы оған телефон сатылмайтынын және қайтаруын сұрады. - Аға, телефонымды қайтарып алам. - Бұл енді менің меншігім, 5000 тг сатам...
#190 ЛГБТ ұйымы пайда болғалы кемпірқосақ шығуға ұялады екен)...
#191 Жақсылық-жамандық, қаранғы-жарық бұлар, біздің түсінігімізше, қарама-қарсы құбылыстар. Бірақ, жақсылық жоқ жерде жамандық келеді, жарық жоқ жерде қараңғылық келеді. Айтқым келгені: біздің жаңағы қарама-қарсы құбылыстар деп отырғанымыз шынтуайтында жақсы істердің көлеңкесі болып жүретін жаман істер.
#192 "Ешкімге өзіңнен жоғары және төмен санап қарама!". Осы ақылды естіп, көп сұрақтың жауабын түсінгендей болдым. баспаға әзірлеген Бегімхан Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >> Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі |
|
Всего комментариев: 0 | |