08:33
Әдет әдептері

ӘДЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАДАМДАРЫ

5-қадам: Мақсатты анықтау

Әдет қалыптастыруда мақсаты анықтау өте маңызды. Дұрыс мақсат қоя білу керек. Оны қоғам, айналаң, достарың, отбасың қойып бермеуі керек. Яғни, «достарым ата-анасына көлік әперіпті, мен де әперіум керек» десең, ол сенің шынайы мақсатың емес. «Ата-анам мұғалім болғанымды қалайды, сол үшін педагогиканы таңдап отырмын, алайда шынында инженер болғым келеді» десең, бұл да сенің мақсатың емес.

Мысалы, біреу араб тілін үйренуді мақсат етті. Не үшін араб тілін үйренгің келеді? әлемдік тілдердің бірі болғандықтан ба? Әлде Құранды түсініп оқығың келетін шығар? Дубайға барғың кеп тұрған шығар? Әлде арабтардың компаниясына жұмысқа тұрғын келе ме? Араб тілі әдемі, бай болғандықтан үйренгің келе ме? Әл-Азһар университетіне оқуға түскің келе ме? Мекке қаласында қажыларға гид болып қызмет еткің келетін шығар?

Мақсат қойғанда абай болу керек нәрсе – тек мақсатпен шектелмеу керек. Мақсатқа жеткізетін нәрсе – жүйелі әрекет. Шаңғы тебуді үйренуді мақсат етсең, оның жүйелі әрекеті: үйрену жолдарын іздеу; соның біреуін таңдау; апта сайын шаңғы тебуді есіңе салатын белгі табу; үйренген сайын өзіңді мақтау; шаңғы тебуге кедергі жасайтын нәрселерді жойып, апта сайын бару; шаңғы тебетіндердің тобына қосылу; мықты шаңғышыға еліктеу; осы спортты үйреніп кетеріңе сену; өзіңді кәнігі спортшы ретінде елестету.

баспаға әзірлеп, жиған-терге

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 7 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: