22:39
Әдет әдептері

ӘДЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАДАМДАРЫ

Мақсаты бір топқа қосыл

Студент кезде «Кітапсүйер қауым» деген чат ашып, кітап оқимыз деп жиналды. Кім қандай кітап оқыса, соны есеп ретінде жазып, қандай ой түйгенін жазады. Сол уақытта кітап оқымайтын адамдар да жарыса кітап оқып, бір жылда жүзден асырды. Статистика жасалып, кімнің қанша кітап оқығаны ай сайын шығып отырды. Бұл есеп қатысушыларды көбірек кітап оқуға құлшындырады.

Дәл осындай мақсатта «6:00-де ояну» деген топ ашылды. Күн сайын сол уақытта оянып, чатқа «ояндым» деп жазып, ары қарай не істегеніңді жазу керек. Мысалы, біреу кітап оқиды, біреу далаға шығып жүгіреді, біреу күнделік жазады, таңғы ас дайындайды. Ол жерде де статистика күн сайын жасалады. Жанындағылардан қалып қоймас үшін күн сайын оянасың. Адам деген жарысуға келгенде түрлі қиындықтарды оңай еңсереді. Қиналып жатқан жалғыз сен емес екеніңді түсінесің.

Тура осы секілді «Құранмен саяхаттаушылар», «Құран жаттаушылар» деген чаттар да жұмыс істеді. Жайшылықта күн сайын Құран оқымауын мүмкін, ал чатта есіміңнің жанында «0» немесе қызыл түс тұрса, намыстанып қаласың. Сөйтіп күн сайын оқуға тырысасың. Әсіресе, Құран жаттау өте қызық. Күн сайын қай аятты жаттағаныңды, қайсысын қайталағаныңды жазып отырасың. Өзіңді жалғыз сезінбейсің. Қиналып отырмын десең, достарың да дәл солай қиналып отыр, бірақ салы суға кетпей, өзін қамшылап отыр.

Спортзалға жалғыз баратындардан гөрі досымен баратындар тұрақтылық сақтайды. Себебі досыңның алдында қадірсіз қалмас үшін, уәдеде тұру үшін сүйретіліп болса да үйден шығасың. Адам сол үшін де құрметті. Оның үстіне бірге өткізген уақыт көңілді, пайдалы өтеді.

1950 жылы Соломон Аш деген зерттеуші мынадай қызық тәжірибе жасайды. Бір адамды арнайы шақырып сұрақ сұрайды. Оның қасында он шақты актерлер отырады. Сынаққа қатысушы адам сұраққа дұрыс жауап берсе де, барлық актер қате жауапты таңдайды. Бұл жағдай қайталанған сайын сыналушы ө жауабына күмәндана бастайды. Қате жауап беріп отырғанына таңғалады. Осылайша сынаққа қатысқандардың 75%-ы дұрыс жауаптарын қате жауапқа алмастырған екен. Оған себеп – айналасындағы адамдар. Олар көп болған сайын солардың пікіріне қосулы да жылдам жүреді. Ал актер саны бір не екі болса, сыналушы пікірін өзгертпейді, яғни дұрыс жауапты таңдайды.

Демек, дұрыс орта табу үшін өте маңызды.

баспаға әзірлеп, жиған-терге

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 5 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: