21:33
Әдет әдептері

ӘДЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҚАДАМДАРЫ

4-қадам: Орта табу

Мінез-құлқың, ойлау жүйең араласатын ортаңа қарай өзгереді. Достарың, отбасыңның сөздері сенің сеніміңе, мақсатыңа, әрекетіңе тікелей әсер етеді. Талай бала әке-шешесінің «сенің қолыңнан түк келмейді» деген сөзінен тұйықталып, оқуға түспейді. Талай жігіт достарының «сен өзіңді бізден артықпын деп санайсың ба?» деген сөзінен ұялып, темекісін тастай алмай жүр. Егер досың толық (семіз) болса, онда сенің де артық салмақ жинап алу ықтималдығың 57%-ға артады. Ол тіпті көрші қалада тұрса да. Досыңның «дініне» кіріп кеткеніңді өзің де білмей қаласың.

Біз вакуумде (сырттан еш нәрсе әсер етпейтін кеңістік) өмір сүріп жатқан жоқпыз. Айналамызда бізге әсер ететін факторлар өте көп. Айналаңда бес ақымақ болса, алтыншысына өзің айналасың. Достарың түгел кітап оқитын болса, сен де кітап оқып бастайсың. Ылғи тамақ артығымен ішілетін жерде жүріп, ешқашан арықтамайсың. Әрине, алғашында салмақ тастайсың, бірақ оны артығымен қайта жинап аласың. Қандай ортада жүруің әдетке қатты ықпал етеді.

Америкалық жазушы, оратор Джим Ронның айтуынша, біз ең көп араласатын бес адамның аирфметикалық ортасымыз. Олардың жақсы немесе жаман әдеттерін жұқтырамыз. Өскің келсе, өсетін адамдармен, өшкің келсе, өшетін адамдармен дос бол. Достарыңа талдау жсап көр. Олар дамуға, өсуге, оптимизмге құмар жандар ма? әлде аузынан боқтық, арыз кетпейтін, жалқау, өзін дамытпайтын енжарлар ма?

Қазіргі жағдайыңа талдау жасап, араласуың қажет бес адамның атын жаз. Ондай адам танымасаң, қоғамнан ізде. Олардың баратын, жиналатын жерлерінің тізімін жаса. Сол жақтан өзің де табыл. Міндетті түрде жақсы дос табатынына сенім мол.

Жақсы әдетті тез қалыптастыру үшін сол әдет нормаға айналып кеткен жерге бар. мысалы, таңғы уақытта жүгіруді қанға сіңіргің келсе, желаяқтармен таныс, достас. Олармен бірге болуың үшін өзің қалай жүгіріп кеткеніңді білмей қаласың.

1965 жылы венгрлік Ласло Полгар деген адам мынадай тұжырымды дәлелдемек болады: ешкім тума талант емес, талант қажырлы еңбек арқылы келеді. Ол Клара есімді әйелге үйленіп, одан үш қыз туады. Үшеуін де шахматтан гроссмейстер қылғысы келеді. сөйтіп үйдің ішін шахмат тақтасына, гроссмейстердің суретіне, шахмат жайлы кітаптарға, қанатты сөздерге толтырады. Әңгіменің көбі шахмат партиялары, ұтымды жүрістер, шебер комбинациялар, шахматшы тұлғалардың өмірбаяны жайлы болады.

Үлкен қызы Сьюзен төрт жасында шахмат ойнап бастайды. Жарты жыл өтпей-ақ үлкендерді жеңе бастайды. Екінші қызы София он төрт жасында әлем чемпионы атанып, көп өтпей гроссмейстер атағын алады. Ал кенже қызы Юдит бес жасында әкесін ойыннан ұтады. 12 жасында әлемнің үздік жүз шахматшысы тізіміне енеді. 15 жасында шахмат тарихындағы ең жас гроссмейстер атағын алады.

Бұл үш қыздың мұндай жетістікке жетуіне ортасы қатты әсер етпкен. Бұл ортада шахмат ойнау қалыпты нәрсеге айналған. Ойында жеңген сайын марапат есту де бұл әрекетті ұнамды іске айналдырған. Қалыпты әрекетке айналған амал ұнамды әрекетке айналады.

Достарың ылғи костюм киіп жүрсе, сен де худиді шешіп, құрығанда бір костюм сатып алып киесің. Достарың анекдот айтуды ұнатса, сен де бір-екеуін іздеп, жаттап аласың.

баспаға әзірлеп, жиған-терге

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 3 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: