22:43
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз

* * *

Камера алдында еркін сөйлеудің ең тиімді 4 тәсілі

Көбіміз камера алдына еш дайындықсыз шығып жатамыз. Бұл сырт көзге бірден байқалады.

Есіңізде болсын, сөздің жүйелі болуымен қатар, оның әуезді, құлаққа жағымды болғаны жөн. Адамдарды тыңдата алу үшін даусыңыздың ауқымын кеңейтіп, дауысқа арналған жаттығуларды жасағаныңыз дұрыс.

Ал ендеше назарларыңызға аталмыш жаттығуларды ұсынамыз.

Мәтіннің кез келген 2-3 жолын алып бастапқыда жоғары дауыспен, екінші рет жай дауыспен оқисыз. Содан соң өзіңізге ыңғайлы орта тонға ауысып, әдеттегі дауыс ырғағымен оқып шығасыз.

Осылайша процессті бірнеше рет қайталайсыз. Яғни, жоғарғы тоннан, төменнгі тонға, төменгі тоннан орта тонға ауысып отырасыз. Күніне 3 рет жаттығып отырғаныңыз жөн.

Мазмұндау. Кез келген тақырыптағы бір мақаланы таңдап алыңыз. Енді аталмыш мақаланы 3-4 жолдан бөліп оқып, мазмұнын айтасыз. Дәл осылай күніне бір мақаланы алып, талдап шығасыз.

Өзіңізге ұнайтын журналистің немесе блогердің видеосын көріңіз. Яғни, 30 секундын тыңдап, видеоның даусын өшіріп қоясыз. Осылайша импровизацияға салып, өз сөзіңізбен жалғастырып баяндайсыз.

Камера алдында өз бетіңізше бірнеше рет видео түсіріңіз. Дегенмен түсірілген видеоларды көрмей, өшіріп тастаңыз. Камера алдында етіңіз үйреніп, өзіңізді еркін сезіне бастаған жағдайда ғана көруіңізге болады.

* * *

Байырғы қазақ “ат басындай алтын” тіркесін қандай мағынада қолданған?

Кешегі жазбада көшпенді қазақ қолданған азық-түлік өлшемдеріне тоқталып өткенбіз. Ал бүгін осы тақырыпты ары қарай жалғастырамыз.

Мәселен, ат басындай алтын тіркесін әдеби шығармаларда жиі кездестіреміз. Бұл дәстүрлі өлшем атауы ретінде түсіндіріледі. Яғни, метафоралық образдық теңеу. Нақтырақ айтсақ, көлемді, үлкен деген мағынаны беріп, қымбат заттың мөлшерін бейнелейді. Яғни, алтын сөзі бұйымдарды салып өлшейтін өлшем ретінде қолднылған.

Кей деректерде алтын ұғымы орнына зер сөзін пайдаланылған.

Алтын тазартылып, өңделіп дайындалған соң әртүрлі құйма түріне енгізіледі. Осыған байланысты олардың атауы түрліше болып келеді.

📌 Үлкендеуін алтын жамбы немесе сом алтын деп атаған.

📌 Жылқының тұяғымен сәйкес алтын құйманы аттұяқ, ал бұдан кішісін тай тұяғының үлкендігіндей мөлшерде құйылған тайтұяқ алтын деп атайды.

📌 Қой тұяғы көлемінде құйылған кесегі алтын қой тұяқ алтын делінеді.

Алтын құйманың ұсақ түрлерінің де атаулары бар. Түйменің үлкендігіндей алтын кесегі - түйме алтын, қойдың басына ұқсатып құйылған алтын ақша - қой бас ділда деп аталған.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 4 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: