21:36
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз

* * *

Кез келген тілді оңай меңгерудің ең тиімді 3 жолы

Мәселен, мақсат - ағылшын тілін меңгеру болса, төменде берілген кеңеске көз жүгіртіп шық. Аталмыш әдістерді кез келген тілді үйрену кезінде қолдануға болады. 

Ағылшын тілін күнделікті практикада қолдану.

Бөлмеңе арнайы бір тақта қойып, ағылшын тіліндегі сөздерді жазып қой.  Әр кірген сайын сол сөздерге көзің түсіп, нәтижесінде санада мықтап сақталып қалады.

Сонымен қатар әлеуметтік желілер мен телефоныңдағы қосымшаларды ағылшын тіліне ауыстырып қойғаның жөн. Бұл әдіс арқылы көзің, қолың, миың жаттығады. Мәселен, оны қолдану барысында түсінбеген сөзіңді арнайы сөздіктен іздеп, тауып, тақтаға жазып қой. Осылайша көптеген сөзді жаттап алуға мүмкіндік аласың.

Достарыңмен байланысқа түскен кезде ағылшын тілін араластырып сөйле.

Әлеуметтік желілерде досыңмен бір күні қазақ тілінде, екінші күні ағылшын тілінде сөйлесіп көр. Бір-біріңнің қателеріңді түзеп, тілді дамытуда үлкен жетістікке жете аласың. Бұл тәсілді пайдалану үшін сөздік қорыңды да күн сайын дамытып отыруың қажет.

Ағылшын тілінде ән салу, ертегі оқу, аудио тыңдау.

Ағылшын тіліндегі әндер мен ертегілерді көбірек тыңдауды әдетке айналдыр. Ән құлағыңда жатталып қалады және ән салу барысында әуеніне келтіруде  қиындық туындамайды. Ал сол әндегі күрделі сөздерді қазақ тіліне аудару сөздік қорды дамытудың үздік жолы.

* * *

Қарахандықтар қандай кәсіпті нәсіп етті?

Қазақстанның оңтүстік-шығыс және оңтүстік аудандарын мекендеген қарахандықтар көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты.

Мал шаруашылығында жылқы өсіру жетекші орын алды. Қарахан мемлекетінің құрамына енген түркі тайпалары отар-отар қой ұстады. Сонымен қатар түйе, ешкі, ірі қара өсірді. Отырықшы, жартылай отырықшы түрік тайпаларының біразы егіншілікпен де айналысты. Олар тары және басқа да дәнді дақылдар өсірді.  Отырықшылар қала мәдениетімен араласып, қала халқын толықтырды. Қалаларда қолөнер кәсібі, әсіресе көзешілік кеңінен дамыды.

Олар аңшылықпен де айналысқан. Сондай-ақ Сырдария, Іле мен, Шу, Талас өзендерінен балық аулау айтарлықтай рөл атқарды.

Ал мемлекет билеушілері экономикалық жағдайларын көтеру мақсатында қарапайым халықты пайдаланды.

Мәселен, қарахан мемлекетіндегі аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болған. Мемлекет бірнеше үлестерге бөлінді. Олар: Тараз, Испиджаб, Баласағұн. Хан мемлекеттік немесе әскери қызметі үшін феодалдарға жер беріп, сол жердегі халықтан салық жинауға рұқсат еткен. Мұндай жерлер икта, ал оны иеленуші араб терминімен муқта немесе иқтадар деп аталған.

Қарахандардағы жер иеленудің тағы бір көп тараған түрі әскери – үлестік жерлер. Ол әскери қызмет үшін берілген. Қарахан феодалдық қоғамында шаруаларды қанаудың бір түрі – жалға үлестік жер беру орын алған. Араб-парсы деректерінде үлестік жер алған шаруалар мұзарлар немесе барзұгар деп аталған. Үлескер жерден алынған өнімнің денін салық түрінде мемлекетке және жер иелеріне төлеп отырған.

Шаруаларды қанаудың екінші бір түрі – коммендация жер иелігі. Оның мәні: әлсіз адам өзінің жер телімін күштінің қамқорлығына береді, ол күшті адам әлсіз адамды басқалардан қорғауға тиіс.

баспаға әзірлеп, жиған-терген

Бегімхан  Ибрагим (КЕРІМХАНҰЛЫ) >>

Ақсу қаласының Абай атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар облысы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 4 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: