Ағайындылар. Бір ата-анадан туған ұл, қыздар, ағалы-інілілер мен апалы-сіңілілілерді бір сөзбен ағайындылар дейді. Ағалы-інілілердің балалары да бір-біріне осылай аталады. Олардың үлкені аға, апа (әпке), кішілері іні, сіңілі болып саналады. Ағаның балалары оның інісі мен қарындасына іні, ал інінің балалары ағасына баласы (ұлы, қызы) болып есептеледі. Демек, олар өз әкесінің ағасын «әке» деп айтуға хақы бар.
Осы жерде ерекше айтып кететін тағы бір қазақы ғұрып, жол-жоралғы бар. Егер осы ағайындылардың балалары бір дастарқанда бас қосса немесе олжа бөліссе, онда үлкен жол (жасы кіші болса да) ағаның баласына тиеді. Мұны қазақ «ж
...
Читать дальше »