22:30
Қазақтың ырымдары мен тыйымдары

ЖОЛ ЖҮРУГЕ ҚАТЫСТЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР

  • Сейсенбі күні алыс жолға шықпайды. Сәрсенбі күні жолға шыққан жолаушының жолы болады.
  • Жолда кездескен адамнан «қайда барасың?» деп сұрамайды, «жол оң болсын!» деу керек.
  • Аттылы жолаушы келсе, атын қазыққа байлап, содан соң ғана киіз үйдің алдына келіп, үй иелерімен сөйлеседі. Егер асыққан жолаушы болса, аттан түспестен, киіз үйдің сыртынан сөйлеседі.
  • Жүкпен жолға шыққанда, үйден тұз алмайды.
  • Жүрер жолдың уақытын кесіп айтуға болмайды. Ол Құдайға астамшылық, күпірлік болады. Жол жүретін адам «Алла жазса», «Алла жол берсе», «Құдай қаласа», «Барар жердің дәмі тартса», «Жол бойындағы аруақтар қолдап, Алла оңдаса» деп тілек тілегенде, жол бойындағы кедергілердің бәрі аластатылады.
  • Жұма күні көшуге болмайды. Жұма – қасиетті күн. Бұл күні ата-баба аруақтары шаңыраққа келіп, дұға дәметеді.
  • Егер жолаушы жол бойында тұмсығы өзіне қарап жатқан аттың немесе түйенің басын кездестірсе, бұл жақсы ырым, ал керісінше болса, онда жолы болмайды.
  • Жолаушының алдынан қара мысық кесіп өтсе, жолы болмайды. Егер ит кесіп өтсе, жолы болады.
  • Жолаушыға түзге отырған әйел кездессе, жолы болады.
  • Алыс жолға шыққан адамдар қара шаңырақтан немесе үлкен кісінің үйінен дәм татып аттанады.

әзірлеген

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 290 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: