АСЫЛ БАСЫЛЫМ

(Лебяжі аудандық «Аққу үні» газетінің 75 жылдығына арнау)

Әлбетте, «Аққу үні» – халық үні,

Оқырманның жүрегінде күні-түні.

Береке, Бірлік, Ынтымақты ту етіп,

Жетпістің бел ортасын бағындырды.

 

Толқынды толқын қуғандай ойды ой қуады,

Зергерленген сол ойдан үнпарағын туады.

Ауданымызбен жасы шамалас «Аққу үні»

Жарыққа шыққанша оқырманын сағындырды.

 

Қиын-қыстау, қыспаққа төзе білді,

... Читать дальше »
Просмотров: 750 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 22/09/2015 | Комментарии (0)

ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНІҢ ДҮБІРЛІ МЕРЕЙІ

Әлбетте, адам өткенін жақсы білмей – болашаққа нық қадам баса алмайды. Тәуелсіз ел ретінде өткенімізді зерттеу, бұл күнге қалай келгенімізді, кімдердің арқасында жеткенімізді білу һәм сол сыңайлы құнды деректерді игеру біз үшін өте маңызды. Сонау 1465 жылы қазақтың ел алғашқы хандары Жәнібек пен Керейдің Қазақ хандығының туын тіккеніне міне биыл 550 жыл толып отыр. Елбасымыздың Қазақ хандығының 550 жылдығын мемлекеттік деңгейде атап өту туралы жарлығы шығып, былтырдан бері бүкіл ел болып үлкен танымдық-тағылымдық шаралар жүзеге асуда. Асылында, Қазақстан елінің өткенді білуге деген үлкен құлшынысы аңғарылуда.

Өткенге көз жүгіртсек, талай қиындықтар мен тағдырдың соққылары қазақ халқының басына таяқ болып тиді. Біз бүгінгі күнге көптеген сындардан өтіп келіп отырмыз. Ең алғаш туын тіккен елдің болашағы қашанда бұлыңғыр болатыны белгілі. Ол үшін құрылмақшы болып жатқан елге білгір де қайратты, парасат ... Читать дальше »

Просмотров: 852 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 22/09/2015 | Комментарии (0)

ТІЛ-ТІЛДЕР...

       Әлбетте, тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл – әрбір елдің жаны.

1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ КСР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі – ұлтаралық тіл деп бекітілген еді. Содан бері 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күні.

1995 жылы 30 тамызда қабылданған  жаңа Конституцияда қазақ тілі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып бекітілді. Ал  1997 жылы 11 шілдеде «Тіл туралы» Заң қабылданып, оның 4-бабында "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі” екені жазылды.

Жеке  бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл бүкіл халықтың игілігі, халықпен  бірге жасап, бірге дамиды. Ол әр хал ... Читать дальше »

Просмотров: 1408 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 22/09/2015 | Комментарии (0)

ОТБАСЫНЫҢ ОШАҒЫ ЕШҚАШАН СӨНБЕСІН

        Отанның бастауы болып табылатын отбасының қадірі қашанда қымбат қой. «Махаббаттың құдірет күші әлдилеген» қос жүрек, қос сезім жарасымдылық тауып, екі жарты бір бүтінге айналып, шаңырақ көтеріп, өз алдына үй болып, қазан-ошағын түтіндетіп, отбасылық-жанұялық өмірге жол тартады. Жанға жан, малға мал қосып, бақ-берекеге кеңеледі.

Шаңырақтың биіктігі, босағаның беріктігі отау тіккен ерлі-зайыптылардың кәусар сезімдеріне, адал ниеттеріне, адами сыйластықтарына һәм басқа да асыл қасиетке тікелей байланысты екені жаңалық емес. Дейтұрғанмен ықылым заманнан қалыптасып қалған осынау қағидат сақтала бермейді. Сан түрлі себеп шаңырақтың шайқалуына, босағаның әлсіреуіне, ошақтың сөнуіне зиян-залалын тигізеді. Бәз біреулердің жеке өміріне араласудан аулақпын. Тек іште жүрген пікірмен, оқшау оймен бөлісудің амалы ғана.

Ортамызда өзгелерге үлгі-өнеге ... Читать дальше »

Просмотров: 639 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 22/09/2015 | Комментарии (0)

БӨГЕНБАЙ БАТЫР (1690-1775 ж.ж.)

Бөгембай Ақшаұлы, Қанжығалы Бөгембай, кейбір деректерге Бөгенбай, 1690ж. Қаратау бөктеріндегі Бөген өзенінің бойы-1775 ж., кейбір деректерде 1776, 1778ж. ж. Ақмола облысы Ерейментау ауданында Қоржынкөл көлінің маңында өмір сүрген. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі тарихында ерекше рөл атқарған батыр, қолбасшы. 18 ғ-дағы қазақ батырларының жасы үлкен ақсақалы, сондықтан оны халық аңыздарында ардақтап «Қанжығалы қарт Бөгембай» деп атап кеткен. Қарабалта түбінде қырғыздармен болған шайқаста Бөгенбай батыр 77 жаста болған деседі. Арғынның қанжығалы руынан Батырлар әулетінен шыққан. Атасы Әлдеуін батыр Есім хан әскерінің қолбасшысы, әкесі Ақша батыр Тәуке ханның 80 мың қолын басқарған сардар болған. Бөгенбай батыр 1708 ж. (кейбір деректерде 1709 ж.) Әз Тәукенің бұйрығымен 30 мың жасақты бастап, қазақ елінің берекесін ала бастаған қазақ-орыстарды түре қуып, Еділд ... Читать дальше »

Просмотров: 2124 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 22/09/2015 | Комментарии (0)

ЕЛДІГІМІЗДІҢ КЕПІЛІ

         Әлбетте, Конституция күні – біздің мемлекетіміздің,  халқымыздың ең ұлық мерекелерінің бірі. «Көптің сөзі – киелі» дейді дана халқымыз. Ел-жұрттың талқысынан өтіп, таңдауына айналған Басты құжатымыздың авторы – бүкіл  Қазақстан халқы.  
         Ғасырлар тоғысында әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан халқы тарихи да тағдырлы шешім қабылдап, жасампаз жаңа дәуірге қадам басты. Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды.
        Конституция – мызғымас мемлекетіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы, жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі!
    Конституцияны басшылыққа ала отырып, біз тәуелсіздігіміз бен мемлекеттігімізді нығайту жолында ғасырлық  мәні ... Читать дальше »

Просмотров: 762 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 22/09/2015 | Комментарии (0)