МЕНІҢ ҚОЛЫМДАҒЫ БАЛА БОЛАШАҒЫ

Әр жылдың қазан айында, басқасым қайдам, ал өз басым ерекше қастерлейтін Халықаралық мұғалімдер күні кәсіби мерекесі бар. Ұстаздық жолдың бастау алғанына жиырма жылға қадам басса да мектеп өмірі мен үшін оттай ыстық, көңіліме жақын. Бала күнімнен санама сіңген қоңырау үні қырық бес минуттық білім сағатына шақырып тұратын. Қазір де солай. Бірақ айырмашылығы қиын да абыройлы ұстаз жолында жүруім.

Осынау Ұстаз атына саймын ба? Жаңарған, жасарған қоғамда ұстаз міндетін қалай атқарып жүрмін?

Әлбетте, Ұстаз болу – жүрек жылылығын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту. Ұстаз білімді, еңбекқор, бала жанын түсіне алатын болса ғана ұстаздық кәсіптің шыңына жете алады деп ойлаймын. Олай болса, ең алдымен, өзімді өзім танып, тынымсыз ізденіп, аяусыз еңбектенуім керек. Бойымдағы бар білімді, асыл қасиеттерімді шәкірттеріме арнай білсем, олардың жүрегіне жол тауып, сан алуан мінезі б ... Читать дальше »

Просмотров: 718 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 30/09/2015 | Комментарии (0)

АТЫНА ЛАЙЫҚ ЗАТЫ

Осыдан 75 жыл бұрын, 1940 жылы, оқырманына жол тартқан Лебяжі аудандық «Аққу үні – Вести Акку» газеті осынау ақсақал болатын мерейлі жасқа жетті биыл. Бүкіл ауданның апта сайынғы өмірінен бірегей ақпарат беріп отырған бұқаралық ақпарат құралы үшін бұл дегенің аз жас емес әлбетте. Аталмыш басылымның басынан нелер келіп, нелер кетпеді. Соған қарамастан өз беделін бір елі де төмендеткен емес. Керісіңше, жағадан алғандарға жауап бере білді, етектен шалғандарға айтар уәжі тегеурінді болды.

Осынау мерейге жетіп отырған газет редакциясы жуырда аудан әкімшілігінің, республикалық, аймақтық,  басқа да аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының құрмет-қошеметіне бөленді. Бойына үш тағанды салтанат жинаған кәдімгі той түрінде шарықтады.

Алдымен Лебяжі аудандық әкімшілігінің мәжіліс залында облыстық бас редакторлар клубының пленарлық бөлімі өтті. Отырысты бас редакторлар клубының белді мүшесі Ю.Поминов т ... Читать дальше »

Просмотров: 1471 | Добавил: shakhibbeker | Дата: 30/09/2015 | Комментарии (0)