23:11
Лебяжі аудандық "Аққу үні - Вести Акку" газетіне - 75 жыл!

АСЫЛ БАСЫЛЫМ

(Лебяжі аудандық «Аққу үні» газетінің 75 жылдығына арнау)

Әлбетте, «Аққу үні» – халық үні,

Оқырманның жүрегінде күні-түні.

Береке, Бірлік, Ынтымақты ту етіп,

Жетпістің бел ортасын бағындырды.

 

Толқынды толқын қуғандай ойды ой қуады,

Зергерленген сол ойдан үнпарағын туады.

Ауданымызбен жасы шамалас «Аққу үні»

Жарыққа шыққанша оқырманын сағындырды.

 

Қиын-қыстау, қыспаққа төзе білді,

Замананың леп-самалын сезе білді.

Мойымады, морт сынбады, шыдап бақты,

Бұқараның патша көңілінен шыға білді.

 

 Ана тілдің саф қадірін құдіреттеді,

Қазақ тілін дамытуға бет түзеді.

Ұлттық рухтың тұғырын төмендетпей,

«Аққу үні» қазақтығымызды бек сақтады.

 

Редакторлар шоғыры басылымды басқарды,

Іскерлік танытып, абыройлы қызмет атқарды.

Ірілі-шағын түрлі тақырыпты мақаламен

Бірқыдыру автор ауданымызда танылды.

 

Халық үні – «Аққу үні» жасай берсін, әлбетте,

Оқырманын қызықтырар мазмұн болсын әр бетте.

Жетпістің бел ортасын бағындырған ақсақал,

Әр үйдің төрінен жыл, он екі ай табылсын,

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 751 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: