11:21
Қоғамдық үрей

БАЛАЛАР ЕҢБЕГІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС

Xалықаралық Еңбек Ұйымы 2002 жылы тұңғыш рет Дүниежүзілік балалар еңбегіне қарсы күрес күнін бекітті. Жыл сайын 12 маусымда  әлемдік қауымдастықтың назары  дүниежүзіндегі жұмыс істейтін балаларға ауады. Бұл күн дүниежүзінде балалар еңбегіне қарсы күрес бойынша жаһандық қозғалысты қолдайтын миллиондаған адамдарды біріктіреді. Жыл сайын Дүниежүзілік күн балалар еңбегін қанаудың тез шешімін табуға тиісті ең күрделі мәселелеріне екпін түсіруге арналады. Науқан балалар еңбегінің ауыр түрлерімен күрес және оның толыққанды жойылуы бойынша  үкімет, азаматтық қоғам мен әлеуметтік серіктестердің, БАҚ пен барлық  мүдделі тараптардың күшін біріктіруге мүмкіндік береді.

Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде бұл науқан 1 маусым – Xалықаралық балаларды қорғау күні басталып, 12 маусым – Дүниежүзілік балалар еңбегіне  қарсы күрес күні аяқталады. Осы он екі күн аралығында білім ордасында балалар еңбегі мәселесіне арналған іс-шаралар өткізілді. Науқанның басты мақсаты осы мәселенің алдын алу мен шешуде қоғамды мобилдендіру мен ақпараттандыру болып табылды.

Он екі күндік барысында мектепте балалар еңбегін қанауды жою және онымен күрес туралы норматвитік-құқықтық, әдістемелік әдебиет көрмесі ұйымдастырылды. Балалардың қатысуымен флеш-моб, пікірталас түріндегі дөңгелек үстелдер, қоғамдық-пайдалы сергіту алаңдары өткізілді. Сонымен бірге ауыл сақшысы А.Байғожин 9-11 сынып оқушыларына адамдарды сатып-саудалау, балаларды жыныстық қатынастарға итермелеу, балалар еңбегін қанау төңірегінде профилактикалық түсіндіру әңгіме жүргізді. Оқушылар тарапынан қойылған көкейтесті сұрақтарға мардымды жауап берді. Тарих мұғалімі М.Оспанова жоғары сынып оқушыларымен балалар еңбегінің ең сорақы түрлері мәселелері жайында дөңгелек үстелді жүзеге асырды. Оған да ауыл сақшысы А.Байғожин белсенділік таныта қатысты. Науқанның соңғы күнінде 9-11 сынып оқушыларынан жиыны он сұрақты қамтыған «Сен өзіңнің құқықтарыңды білесің бе?» атты сауалнама алынды. Оның нәтижесі балалардың өз құқытарын жоғары деңгейде білетіндігін айқындады.

Сайып келгенде, аталмыш но екі күндік науқан тәрбиелік жағынан сондай құнды да пайдалы болып шықты. 

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ауылы

Просмотров: 735 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: