11:44
Құлақтан үні кетпестей...

ТҮЛЕКТЕР ТҮЛЕДІ

«Соңғы қоңыраудың» сыңғырлай соғылып, оқу жылы аяқталысымен, мектептерде негізгі және жалпы орта білім курсын тәмамдау бойынша мемлекеттік емтихандар бекітілген кесте ретінше өткізілді. Биылғы жылдың 30 мамырынан басталған сынақтар маусым айының ортасынан ауып барып мәресіне жетті.

Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінде жеті оқушы 9-сыныпты тәмамдап, негізгі орта білім туралы куәліктерге қол жеткізді. Оның ішінде Аубакирова Айгерім тоғыз жыл бойы кілең «бестік» бағаға оқып, ерекше үлгідегі үздік қызыл түсті куәлікке ие болды. Демек, енді екі жылдан соң «Алтын белгіге» тағы бір үмітіміз бар деген сөз. Сонымен бірге үш оқушының куәлігінде тек қана «бестік» және «төрттік» бағалар ғана бар.

Негізгі орта білім туралы құжаттарды салтанатты түрде табыстау рәсімінде оқушылардың әжелері қазақы дәстүр бойынша тәттіден шашу шашып, немерелеріне ақ жол тіледі. Ал мектеп директоры А.Бельгибаева түлектерге куәліктерді өз қолымен табыстады.

Маңызды өмірлік құжатқа қоол жеткізген оқушылар оқытқан мұғалімдеріне арнап шағын концерттік бағдарлама ұсынды. Келісті әндер шырқалды, жарасымды билер орындалды.

Араға екі күн салып аудан орталығы Аққу елді мекенінде алаулата-жалаулата өткізілген «Болашаққа жол» атты 11-сынып түлектеріне жалпы орта білім туралы аттестаттарды табыс ету салтанатына Бесқарағай жалпы орта білім беретін мектебінің 49-түлектері де қатысты. Ұлттық бірыңғай тестілеу мен мектепте өткен мемлекеттік емтихандарды артқа тастаған бесқарағайлық түлектер ішінде «төрт» пен «бес» қана бар аттестатқа төрт түлек қол жеткізді. Алда өздері қалаған жоғары немесе арнаулы орта оқу орындарына құжаттар тапсырып, оқуға түсу күтуде. Сәттілік пе сенім мектеп түлектеріне әрдайым серік болсын.     

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

Бесқарағай ауылы

Просмотров: 677 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: