19:34 Жетістіктің жүз қадамы | |
95-ҚАДАМ: ТАҒДЫРДЫҢ ҚАМШЫСЫН ЖЕМЕУ ҮШІН ӨЗІҢДІ ҚАМШЫЛАП ҮЙРЕН Адам қай күннен бастап өзіне жауапкершілікті арқалағаннан бастап, жеңістің жолына түсетін болады. Өзінің мақсатына жету үшін өзіне-өзі қиын, еңбекті талап ететін істерді қою арқылы жетістікке қадам басады. Тағдырдың ащы қамшысын жегенше, өзіңді қамшылағаның әлде қайда жеңіл болмақ. Өзімізді қамшылау арқылы өмірдің қамшысынан құтыла аламыз. Өзің қамшылау дегеніміз – өзіңе жауапкершілікті алып, алға қадам басу. Адам жетістікке жетем деп еңбектенгенеді, ол еңбегі оңай болмайды. Еңбек жолында адамның тәніне ауырлықтар түсуі белгілі. Мысалы, ерте жату, дұрыс тамақтану, зиянды тағамдардан бас тарту, аптасына кемінде 3 рет спортпен айналысу, отырып алып күніне 2-3 сағат кітап оқу, білім жинау, жаңа істерді бастау, өзін жұмысқа салу сияқты шыдамдылық пен еңбекті талап ету арқылы адамның тәні қиналып өзін қамшылағаны мен тағдырдың қамшысынан құтылып, бақытты жарқын өмір сүруге жол ашылмақ. Шеш. Өзгер. Алға ұмтыл. Ойлаң. Тәуекел ет. Құласаң, тұр. Әрекет қыл. Қағидадан бас тарт. Жетістікке жет. Арманда. Жаңалық аш. Сен. Тоқта. Өзіңді тыңда. Есей. Жең. Өмірге ғашық болып өт. Пауло Коэльо Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |
|
Всего комментариев: 0 | |