21:15 Жетістіктің жүз қадамы | |
81-ҚАДАМ: ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА БЕЛСЕНЕ АРАЛАСЫҢЫЗ Жұрт ісіне жаны ашып, жұрт намысына қаны қызатын қазақта адамдар аз, жұрт жұмысы деген қазақтың әдетінде болған емес, сондықтан жұрт жұмысы, ұлт намысы деген қазақтың көбіне түсініксіз нәрсе. Ахмет Байтұрсынов Қоғамдық жұмыстарға белсене араласыңыз. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласқан сайын адамның рухани дүниесі жаңарып, көпшілік адам мен қарым-қатынас орнатып, өз ойын еркін жеткізетін сапалы тұлғаға айналады. Қоғамдық жұмыстарға алғаш араласу ол мектеп кезден басталады. Сол мектеп кезден бастап қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, концерттерге, мейрам болғанда, т.б. нәрселерде өз өнерін көрсетіп немесе қолынан келген ісімен қоғамдық істерге, белсене араласатын адамдардың даму жағы ерекше болады. Олар кейін жоғары оқу орнына барғанда қоғамдық істерге белсене араласады. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласу адамның дамуына ерекше әсер етеді. Себебі қоғамдық істерде көпшілік адамдардың алдында өнер көрсету немесе қызмет жасағандықтан, адамда жауапкершілік пен дайындықты талап ететіндіктен, адамның өзіндік дамуына ерекше әсер етеді. Сізге де қоғамдық жұмыстарға қолдан келгенше қатысуға кеңес береміз. Сіз студент болсаңыз да, кәсіпкер болсаңыз да, қызметкер болсаңыз да қоғамдық істерге араласып, өз ықпалыңызды тигізсеңіз, өзіңізге де, қоғамға да пайда тигізген боласыз. Қоғамда қоғамға пайдасын тигізетін адамдардың саны артқан сайын, ол қоғамның дамуы өрлейді. Қоғамның дамуы ол мемлекеттің дамуы деп білеміз. Сол үшін де әрқайсысымыз қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, өз ықпалымызды көрсете білейік. Сонда ең жақсы қоғам біздің қоғам болмақ. Қоғамда қоғамға пайдасын тигізетін адамдардың саны артқан сайын, ол қоғамның дамуы өрлейді. Ғалым Үсен Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
| |
|
Всего комментариев: 0 | |