10:40
Жетістіктің жүз қадамы

76-ҚАДАМ: ӨМІР БОЙЫ ДАМЫҢЫЗ және ТЕК ЖОҒАРЫ ҚАРАЙ КӨТЕРІЛІҢІЗ

Өмір бойы даму деген сөзі көптеген кітаптардан оқимыз. Мәнісіне қарап шынымен де біз үнемі даму арқылы, белгілі бір жетістікке жетеді екенбіз. Қандай іс атқарсаңыз да, немен айналыссаңыз да, сол жайлы біліміңізді, тәжірибеңізді дамытпай, жетістікке жете алмайтынымызды түсіндік. Айталық, сіз мұғалім болсаңыз, өмір бойы бір орында отыра бермейсіз ғой. Қызметіңізді көтеріп жақсы қзметте отырғысы келмейтін адам кемде-кем шығар.

Сол үлкен қызметтерге бару үшін соның құнын төлеу қажет. Ал оның құны ақша беріп немесе басқа нәрсе беріп көтерілу емес. Олай көтерілетіндердің соңы жақсылықпен аяқталмайтыны анық. Оның құны, адал ықзмет жасап, өзіңді үнемі дамыту арқылы, өзің ойлаған жоғары белестерге жету. Әл-Фараби айтқандай «Адам мақсатына, өзін жетілдіру арқылы жетеді». Әрдайым өзімізді жетілдіріп, алдыға ұмтылып, жоғары қарай көтерілетін болсақ, жоғары белестерге көтерілетініміз анық.

Өзіңізді дамытқанда барлық ажғынан дамытуға әрекет жасаңыз. Өзіңіздің бойыңыздағы жақсы тұстарыңызды дамытыңыз. Жағымсыз тұстарыңыз да қоса дамып кетпесін. Мысалы, спорттан өзіңізді дамытқңыз келді делік. Сіз алдында 3 км-ге жүгіретін болсаңыз, кейіннен 5 км-ге, одан кейін 10 км-ге, одан да кейін 20 км-ге дейінгі алыстықты бағындыруға мүмкіншілігіңіз бар. Тек ниет пен еңбекқорлығыңыз болса болғаны. Спортта жаттығу жасағанда кәсіпқойларша жасаңыз. Кәсіпқой спортта болмасаңыз да, кәсіпқойларша әрекет етіп, кәсіпқойларша ойлаңыз. Әр істе де, сол істің кәсіпқойлары секілді ойлап, әрекет қылсаңыз, жоғары деңгейде дамып, өзіңіз ойлағаннан да үлкен жетістікке жетуге мүмкіндігіңіз зор болмақ.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 244 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: