08:54 Жеңістің мерейгерлік шеруі | |
Жеңіс, естелік, патриотизм
Әр адамда өз анасынан басқа да, Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада Болу керек құдіретті төрт ана: Туған жері – түп қазығы, айбыны, Туған тілі – сатылмайтын байлығы. Туған дәстүр, салт-санасы, тірегі, Қадамыңда шуақ шашар үнемі. Және туған тарихы, Еске алуға қаншама Ауыр әрі, қасіретті болса да. (М. Шаханов) 1945 жылғы 9 мамыр – Жеңіс күні. Барша адамзат аңсап күткен айбынды күн, жеңістің туын тіккен күн. Бірақ, бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Бұл туралы айтылып та, жазылып та жүр. Отанымызды қорғау үшін еліміздің көптеген азаматтары майданға аттанды. Отан үшін қан төгіп, Отан үшін жан қиды. Олардың ерлігі тарихтың мәңгілік естелігі болып отыр. Бұл мереке – майдангер жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің Ұлы мерекесі. Осы сұрапыл соғыс жылдардың өшпес даңқы қаншама уақыт өтсе де, ұмытылған емес. Ұлы Отан соғысында қолына қару алып, жаумен шайқасқан ерлердің бірі – менің атам, Абылғазинов Құрман. Атам 1904 жылы туған. Семипалатинск облысынан соғысқа шақырылған. 1942 жылдың мамыр айынан 1943 жылдың наурыз айына дейін 4 гвардиялық атқыштар полкінің құрамында жүргізуші болған. 1945 жылға дейін де жүргі- зуші. Атам елге аман-есен оралған. 1954 жылдан өмірінің соңына дейін Лебяжі ауданындағы Бесқарағай асыл тұқымды заводында жүргізуші болып істеген. Атам 1978 жылы 74 жасында қайтыс болды. Атамнан бес ұл, жеті қыз қалды. Менің атам 1945 жылдың тамыз айында берілген «Жауынгерлік ерлігі үшін», «За победу над Германией», «За оборону Кавказа» медальдарының иегері. Міне, жеңіс бізге аталарымыздың төккен қанымен, құрбандығымен келді. Аялап өсірген жері үшін отқа түсіп, жалын кешкен ата, аға, апаларымызды ешқашан естен шығармауға тиіспіз. Жақын арада Ұлы жеңіске – 65 жыл толғалы отыр. Жеңіс күнін, осындай жеңіс салтанатын көре алмай кеткен майдангер жауынгер ата, апаларымыз- дың рухына бас ие отырып, олардың ерлік істеріне тағзым етеміз. Ерлер есімі еліміздің мәңгі есінде. Биылғы жылы, Ұлы жеңістің 65 жылы қарсаңында Тәуелсіз Қазақстаны- мызда соғыс ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің ерліктері бағаланып, тиісті құрмет көрсетілмекші. Бұл да Елбасының халқы үшін жасап отырған игілік істерінің бірі, жастарға баға жетпес үлгі. Біз, жас ұрпақ, Отанды қорғауға әрқашан дайынбыз. Еліміздің егемендік алып өркендеп келе жатқан таңында біз де өз елімізге адал қызмет етіп, ізімізді қалдырамыз деп сеніммен айта аламын. Өйткені біз- тәуелсіз елдің ұрпағымыз. Адамда Отанына, шырылдап дүниеге келген, кіндік қаны тамған жеріне деген ерекше сезімі, сүйіспеншілігі болуы керек. Ондай сезімде болған адам Отанын мақтан тұтып, оның дамуына үлес қосып, қорғағысы келеді. Оны біз патриотизм дейміз. Міне, осындай сезімде ата-бабаларымыз жерін жаудан қорғады. Олардың туған жеріне деген шексіз махаббаты жүрегіндегі жеңіс- ке деген үміт отын сөндірмеді. Сондықтан патриот азаматтары көп мемлекет, мықты мемлекет бола алады. Әр уақытта қанды қырғындарда жер қайысқан қолдан қорқып қалмай, ер намысымен, күшті рухпен атамекенді қорғау- жеңіс кепілінің бірі. Мен – өз Отаным, Қазақстан Республикасының патриот азаматтарының бірімін. Мен Қазақстанның гүлденуіне өз үлесімді қосқым келеді. Әзірге ту-ған жеріме салмақты үлес қосқан жоқпын. Бірақ, өсіп білім алғаннан кейін Отаныма адал еңбек етемін. Оны мен парызым деп білемін. Отан – Ана деп бекер айтылмаған. Себебі Отан да анамыздай бізді жылы құшағында ұстап отыр. Қандай жағдай болмасын ол әрқашанда бізді қабыл- дайды. Міне, төрімізге Наурыз келді. Барыс жылы барша Қазақстан халқына кеңпейілділік пен мейірімін ала келсін дегім келеді. Аспанымыз ашық болып, еліміз берекелі болсын!
Автор: Жунусова Әлия Жұмабекқызы
Мұғалімі: Абылғазинова Құралай Ғазизқызы
Мектеп: Бесқарағай жалпы орта білім беретін
Сынып: 9- қазақ
Аудан: Лебяжі
| |
|
Всего комментариев: 0 | |