2010 жылы ҰБТ-ді ұйымдастыру және өткізу туралы 2010 жылғы ҰБТ-ны берген өтініштеріне сәйкес 138 162 мектеп бітірушінің 110 118 мыңы тапсырады, бұл 80 % құрайды. Тестілеу 49 қала мен 105 аудан орталықтарында құрылған 154 тестілеу пункттерінде 4-10 маусымда өткізіледі.
ҰБТ 5 пән бойынша: оқыту тілі (қазақ немесе орыс), Қазақстан тарихы, математика, таңдауы бойынша пән, сондай-ақ орыс тілінде оқытатын мектептердегі – қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі – орыс тілі пәндері бойынша өткізіледі.
Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны – 25 сұрақты құрайды; бес пән бойынша – 125; тестілеу уақыты – 210 минут, яғни 3,5 сағат.
Биылғы жылғы мектеп бітірушілер үшін мемлекеттік грант конкурсына қатысу және республикамыздың жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсу үшін шекті деңгей 50 балға дейін («Жалпы медицина» мамандығы үшін – 55 балға дейін) көтерілді.
ҰБТ-ның
...
Читать дальше »