09:41
Жеңістің мерейгерлік шеруі
СОҢҒЫ СОҒЫС
Соңғы соғыс һәмма әлемді
аяғынан тік тұрғызған,
Адамзат санасын қорғануға
айтарлықтай бел буғызған.
Қара хабар жеткеннен соң,
Аттануға сәт келгеннен соң,
Тәуекелге бел буына,
Салқынқандылықпен суына,
Дүре жүрді есіл ер,
Ағызуға ащы, ашулы тер,
Үміттенді, сенді сонда қасиетті Жер.
(Жаратқан иеміз айтқан сонда:)
«Сарбаздарға, уа, Тәңірім, қуат бер!»
Ей, азғындар, соғыс өртін шығарған,
Ұлтшыл фашис болуға шақырған,
«Әлемді жаулаймын» деп бақырған,
Айдаһардай от шаша ақырған –
Құры, жойыл, өшір отты үніңді.
О, опасыз дүние, фашизмді тудырған,
Қанпезер, жауыз пендені қоздырған,
Бейбітшіл халықтың жүйкесін тоздырған,
Қарабеттілігін санасынан оздырған.
Уа, жаратқан, Гитлерді неге жараттың?!
Опасызға дүние тізгінін қалай қараттың?!
Лайық емес ондай азғын жақсылыққа,
Шықты сонда бар асылдар қарсылыққа.
Күркіреп күндей өтті сұм соғыс,
Жан қиярлық ұрыс, шабуыл, қантөгіс.
Жақсылық пен жамандық,
өмір мен өлім келді тоғыс,
(Айтуға болмас осындайда еш сөгіс).
Соңғы соғыс мәңгілікке болғай соңғы,
Тарих жауһары болсын өткен, бұрынғы.
Қару біткен құртылсын мәңгібақи,
(Соғыс үнін өшірсін, жасар қашанғы).
Шаттаң – Мамыр, Жеңіс күні,
Тыйылсын фашизмнің үні,
Атылсын салют таңнан кешке, күні-түні,
 Қуансын ел жаны, болмасын зар-мұңы. 
ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы
http://www.shakhibbeker.ucoz.kz
Просмотров: 900 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: