09:24
Жеңістің мерейгерлік шеруі
ӘРБІР МАМЫР ЖЕҢІСПЕНЕН ҚЫМБАТТЫ
Әрбір мамыр Жеңіспенен қымбатты,
Ардагерлер еңсесімен сымбатты.
Өкінішті, қатарлары сиреуде,
Ұмытылмас ерліктері – қуатты.
 
Ел басына күн туғанда – сұм соғыста,
Өлімменен қатар жүрді алыста.
Талғамады, өзгелермен болды бір,
Туған жердің топырағымен уыста.
 
Ойламады – болар ман, болар қаза,
Отан үшін ар-намысы сүттей таза.
Қатардағы жауынгер боп сап түзеді,
Бейбіт күндер шырқ бұзылды, кетті маза.
 
Сол сұм соғыс ауыр тиді жаһанға,
Дархан дала, сән түзеген қалаларға.
Миллиондар өлім құшты, болды мерт,
Толды Жер ағайын-бауырлас молаларға.
 
Үрейленген жан түйілді шүберекке,
Соққы тиді адамзат һәм қайың-терекке.
Қас дұшпанды сабасына түсірді,
Жан бұйырды: «Жеңеміз!» – деп Жүрекке.
 
Бухенвальд, Освенцим һәм Моабит,
Қанша жазықсыз концлагерде болды шаһит.
Нешемесі хабар-ошарсыз кетті ғайып,
Фашизмге тағылды кешірілмес айып.
 
Ұлы Жеңіске толды міне алпыс бес жыл,
Зор ескерткіш – әрбір майдан, әрбір тыл.
Ашық аспан, бейбіт ғұмыр тек кешейік,
Күннен-күнге, төрт мезгілде, жыл да жыл.
ШАҺМАНТЕГІ-ИБРАҺИМ Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы
http://www.shakhibbeker.ucoz.kz
Просмотров: 936 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: