21:00
Жаз – 2019: бейіндік лагерь белестері

ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАЙЫҚ!

Әлбетте, жыл сайын бүкіл әлемде 5 маусымда Дүниежүзілік қоршаған орта күні атап өтіледі. Бұл күнді Павлодар қаласының Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебі оқушылары да өзінше атап өтті.

«Эрудит» бейіндік лагерінің тәрбиеленушілері «ХХ ғасыр проблемасы. Табиғатты қорғайық!» атты жалпы лагерлік шараға белсенділік таныта қатысты. Іс-шара шеңберінде 5 «б» сынып жетекшісі Л.С. Омарова «Экология және Біз» атты дөңгелек үстел өткізді.

"EnglishWorld" жасағы біздің аймағымыздың мәселелерін бейнелейтін постер жасады. Ал «Лингвист» жасағы табиғатты қорғауға шақыратын постермен ортаға шықты. «Let'slearnEnglish» жасағы постерді құруда керемет креативтілік көрсетті. Жоғары сынып оқушылары постерде ғаламшардың сақталуына, осынау тамаша Жер шарында өмір сүретін әрбір адам табиғатты қорғауға жауапты екені туралы өз пікірлерін білдірді.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 381 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: