20:56
Жаз – 2019: бейіндік лагерь белестері

«СТИЛИСТЕР – 2019»

Жазғы демалысқа шыққан оқушылардың бейіндік лагерьлерде керемет дем алуы үшін қала ішінде мектептер арасында өтетін тамаша шаралар ұдайы өткізілп тұрады. Биылғы жылдың 11 және 18 маусым күндері қалалық саябақтағы үлкен сахнада «Стилистер – 2019» деген кешенді шара ұйымдастырылды.

«Эрудит» бейіндік лагерінің 5 сынып оқушылары осынау байқаудың бірінші кезеңінде жазғы шығармашылық жобасымен қатысты. Балалар киімдерді табиғи материалдардан һәм өндіріс қалдықтарынан жасады. Мелис Аружан мен Жакоманова Адина «Дождевики-невидимки», Каменова Айғаным «Шпаргалка» модельдерін көрсетті. «Мен емтихан тапсыру кезінде әр оқушыға көмектесе аламын», - деді Айғаным. Ал «Күш костюмі» деген ең креативті үлгісін Мажитов Темірхан ұсынды. Араға апта салып, байқаудың екінші кезеңінде «Эрудит» бейіндік лагерінің тәрбиеленушілері креативті шаш үлгісін көрсетуге қатысты. Қалалық саябақтың үлкен сахнасында ұсынылған шаш үлгісі «Шындық иллюзиясы» деп аталды. «Айдаһар», «Канекалон ханшайымы», «Кексиктер», «Пончик», «Дреды или устрашающие кудри», «Кока-кола», «Клеопатра», «Найзағай», «Эбеко немесе ұйықтайтын түрлі-түсті жанартаудың оянуы», «Сәнді дарабоз» атты сәнді шаш үлгілері көрермендер назарына асқан шеберлікпен ұсынылды. Сайыс қорытындысы бойынша біздің команда екінші жүлделі орынға ие болды. Бағдарлама мен шаштараз туындыларының коллекциясын жасауаа креативті көзқарасты атап өту керек. Жарайсыңдар, балалар!!!

Ал сайыскерлерді дайындауда шығармашылық талантымен танылған тәрбиешілер Л.С.Омарованың, С.Р.Сатемированың қажырлы еңбектерін ерекше атап өткеніміз абзал.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ

М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебі

Павлодар қаласы

Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Просмотров: 421 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: