20:49 Жаз – 2019: бейіндік лагерь белестері | |
ОТБАСЫНДА ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ! «Эрудит» бейіндік лагерінде балалармен қатыгез қарым-қатынастың алдын алу аясында «Отбасында зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты ағартушылық сабағы өтті. Мақсаты: оқушыларға зорлық-зомбылық туралы, оның алдын алу мүмкіндіктері жайлы, құрбанды қорғайтын заңдар жайында түсінік беру. Сабақ барысында балалар сұрақтар тізіміне жауап берді. Балалармен осы мәселелер бойынша диалог өтті. Зорлық-зомбылықтың әртүрлі нысандары бар және әрқайсысы өзінше сипатталатын мақсаттарға қол жеткізу үшін мәжбүрлеу, олар қалай көрінед, зорлық-зомбылықтың пайда болу себептері т.с.с мәселелер мейілінше көтерілді. Оқушылар отбасындағы зорлық-зомбылық формаларына өздігінен анықтама беруге тырысты. Бірнеше бейнероликтерді көргеннен кейін оқушылар сауалнама сұрақтарына жауап берді. Сауалнамалар бойынша ата-аналар өз баласы алдында үлкен беделге ие екенін айтуға болады. Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ М.Әуезов атындағы ЖОББ мектебі Павлодар қаласы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |
|
Всего комментариев: 0 | |