11:47
Ынтымақ ырысы

АҚҚУЛЫ АБАЙ АЙНАСЫ

Кешен ғана Лебяжі ауданы орталығы Аққудағы кең де зәулім Мәдениет үйінің сахнасында «Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ» деген данагөй Абайдың қанатты нақылын айдарлы ту еткен өзге ұлт өкілдері арасында өткізілген әдеби-көркемдік облыстық сын-байқау оңтайлы әсер қалдырып, жан дүниені тебірендіре толқытып кетті.

Осыдан екі-үш жыл бұрын қазақта дара туылып, дана атанған Құнанбайдың Абайы аққулылықтар үшін сондайма қарапайым түрде бауыр басып кетеді деп ойлады ма екен! Әй, қайдам! Әйтеуір қазақтың бас ақыны ретінде бір елегенмен шектелді. Бірақ ол осынау ірі тұлғаға көрсетілген құрметтің тамшысы ғана еді. Сондықтан бір орасан әдеби-рухани дүмпу өздігінен босаға сығалап, сұранып тұлғандай болды. Абырой болғанда, аққулықтардың бағына қарай ерен еңбегімен еленген Ғарифолла Есім сынды ұлтжанды тұлға нағыз адами-азаматтық істі білек сыбана қолға алып, Аққу елді мекенінің нақ төріне ойып тұрып хакім Абайдың мүсінін орнатып, қазақы ділімізді артық рет аспандатты.

Ол ол ма, ауданымызға бас-көз болуға кіріскен Айзада Амангелдіқызы ханым келгелі, шынымен-ақ, Аққу ауылы өркендеуде. Маңызы зор әлеуметтік-қоғамдық нысандармен қатар мәдени-көпшілік орындар да ажарлану үстінде. Өзінің іскерлік-кәсіби шеберлігі арқасында һәм жайлы тақтан гөрі халық бағын өркендету ынта-қайсарлығы арқасында Ғарифолла ағамен ортақ тіл табысып, осынау тамаша да керемет тарту жасады.

 Өзге ұлт өкілдері әуелеткен Абай өлеңдері, қара сөздері, әндері, кемеңгер қаламгер Мұхтар Әуезовтің бірегей «Абай жолы» дәуірнамасынан оқылған үзінділер әдеби-көркем шараны тамалауға жиналған қадірменді көрермен қауымды лек-легімен серпілтті, сергітті. Бәрінен маңыздысы сол, құдіреті күшті һәм мемлекеттік маңызы орасан қазақ тілі үстемдеді. Аймағымыздың тұс-тұсынан сүттің бетіне шыққан қаймақтай жиналған және де өзге ұлттардың сахна саңлақтары жігер таныта өздерінің бойларындағы Отанына деген, атамекенге деген, мемлекеттік тілге деген шексіз сүйіспеншілігін, құрметін жасампаздық түрде танытты.

«Бәрінен де бірін айт» демекші, былтыр һәм биыл құлашын кеңінен жая ұйымдастырылған Ұлы Абай даналығына арналған кешенді шаралардың Аққудың төрінде шарықтауы аққулылықтар үшін мәртебе болумен бірге ауыз толтыра айтып жүретін асқан мақтаныш та.

Баянды болашақта Аққудағы Абай күндері жалғасын тауып, игі дәстүрге айналатынына еш шүбә жоқ. Осы қарқынмен Аққулы Абай айнасын басқа да әдеби-көркем шаралармен әрлендіре түсуге барымызды салып, өскелең ұрпаққа үлгі боларлық адами-азаматтық қайраткерлік танытуымыз абзал. «Жаяудың шаңы, жалғыздың үні шықпас» демекші, осынау іскерлік бір адамның қолынан келе қоймасы анық, сондықтан да «бірлік түбі – тірлік» дегенді мұрындық ете, осынау шаралардың маңызын саналы ой елегінен өткізіп қана қоймай, бойындағы күш-жігерін дана Абай дүниесін қаулай қалауға кірпіш боп жараса игі.

Асылында, экономикалық бағытта үдемелі түрде дамып жатқан ауданымызда жан дүниені рухани тұрғыдан байытатын Абай Құнанбайұлының мүсіні болғаны, дана Абайдың күндері өткізіліп отырғаны, хакім Абайды құрмет тұта келетін елеулі тұлғалардың төрлетуі, қазақтың бас ақыны Абайдың шығармашылығын тыңдауға қадірменді көрермендердің, тыңдармандаың мейілінше жиналуы – бақ пен бақыт!        

ШАҺМАНТЕГІ Бегімхан

Бесқарағай ауылы, Лебяжі ауданы, Павлодар облысы

Просмотров: 1080 | Добавил: shakhibbeker | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 prada handbags rw96  
0
http://www.myguthrie.com - prada outlet storeThe crowds are bigger and bigger later with your day, and the Fast Pass product labels a lot more throughout the some under a are gone on such basis as ahead of due date afternoon (at least about whether or not going to be the Christmas experience in the field is that often any benchmark at all12 Your lender then is that the have going to be the pay tribute to regarding making right for michael kors bags going to be the time all your family members missed to understand more about pay and would likely you'd like all your family members paying most of the balance everywhere in the a single payment Since all your family members are often times canceling all are to do with your credit cards,all your family not only can they not really want any legitimate many of the new charges to learn more about appearCenturies back, Egyptians that can be used for more information about continue to keep going to be the dead govt having to do with their lovable once and bury going to be the dead against your skin along so that you have food and drug administration and numerous other essential items so that you have an all in one belief that the dead ones are going to have aspect in the life hereafter Know what to learn more about we can expect before hitting the highway.http://www.krsenergy.com - chanel bags

Имя *:
Email *:
Код *: