13:36 Уақытыңды басқар | |||
ПАЙҒАМБАР ӨМІРІНДЕ УАҚЫТ «Алла Елшісінің құзырына кейбір уақыттарда ешкім кіре алмайтын еді, әйелдерібола тұра біз де кіре алмайтынбыз». Әзірет Хафсо «Мұсылманмын, Мұхаммедтің үмбетімін» деген әрбір жанға «Шүбәсіз, Алла елшісінде сендер үшін әрі Аллаға және ақырет күніне бар үмітін артқан (Алланы және ақырет күнін жан-тәнімен қалайтын) һәм Алланы көп еске алып, Оған көп құлшылық ететіндер үшін қай жағынан алсақ та, теңдессіз үлгі-өнеге бар» деген Алла Тағаланың сөзіне сәйкес Пайғамбарымыздың бойында барлық жағынан өнеге бар екені айқын. Исламның уақытқа қатысты көзқарасы арқылы оны лайықты түрде пайдалана отырып, адам өмірінің ең жоғары дәрежеде берекелі өтуіне жағдай жасау үшін түрлі ережелер мен тәжірибелік жайттарды көрсеткен соң ардақты Пайғамбар (с.а.с.) өмірінен уақытқа байланысты қағидалар тек қана сөз жүзінде қалмай, тәжірибе жүзінде қолдануға болатынын сүннеттен көре алмақпыз. Пайғамбарымыздың өміріне қарасақ, оның өз уақытын өте тиімді пайдаланғанын көреміз. Өйткені ол барлық істеріне үлгерген. Парыздарды былай қойғанда, нәпіл құлшылықтардың өзі өмірінің соңына дейін өз уақытында орындалған, әрі еш үзілмеген. Бұған қоса, ертелі-кеш жасаған дұғалары, мешітте уағыз айтуы, сахабаларымен кеңесуі, өзіне келушілерге уақыт бөлуі, өзінің зиярат етіп барған кісілері (науқастар, қабірлер т.б.), халықпен жүздесуі, ел ішіндегі діни рәсімдерді атқаруы (балаға ат қою, сүндеттеу, неке қию, жаназа т.б.), барлығы да оның жоспарына сыйып отырған. Бұл істердің барлығына уақыт табылған. Бұл нені көрсетеді? Бұл күндік жұмыстарын қаншалықты тиімді қолданғанын көрсетеді. Пайғамбарымыз (с.а.с.) күндізгі уақыттарды ғана емес, түнгі уақыттарды да мүмкіндігінше пайдалы өткізуге тырысқан.
Үш қағида Алла елшісінің уақытты пайдалану тұрғысында қатаң ұстанған үш қағидасы бар:
Пайғамбарымыз (с.а.с.) күнделікті және апталық істерін осы үш қағидаға сүйеніп ретке келтіріп, соған сәйкес әрекет ететін. жиған-терген Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ Ақсу қаласының №2 ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Павлодар облысы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі | |||
|
Всего комментариев: 0 | |